Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың романдары



бет2/7
Дата12.08.2022
өлшемі3,37 Mb.
#38128
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сабит Муканов

«Адасқандар» романы

"Жұмбақ жалау" (кейіннен "Ботагөз" аталған) романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне арқау болды. Романдағы басты тақырып – қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры. "Ботагөз" романы – қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. "Ботагөз" романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілді.“Ботакөз” – С.Мұқанов қана емес, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің зор табысына кепіл. Шығармадағы символикалық мағынасы бар үш бөлім (“Тұңғиықта”, “Таң атарда”, “Күн күлімдегенде”) табиғи хронологияны сақтай отырып, даладағы зор өзгеріске дайындық пен әлеуметтік катаклизмнің ішкі себептерін көркем образдарға тән нанымды жағдайлар арқылы бейнелейді. Бүкіл әлемді толқытқан ғасыр оқиғасы сар селеу басқан қазақ жеріне де күтпеген жойқын жаңалықтар алып келеді. Оны әркім әр түрлі қарсы алады. Қуанғандар да, кейігендер де, қасірет кешіп, дағдарғандар да бар. Қыр халқы үшін, әрине, революция стихиялық құбылыс болатын.

  • "Жұмбақ жалау" (кейіннен "Ботагөз" аталған) романында Қазақстандағы 1910-1920 жылдардағы күрделі оқиғаларды бейнелеген. Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, тағы басқа ірі тарихи оқиғалар роман сюжетіне арқау болды. Романдағы басты тақырып – қазақ халқының, Қазақстанның тарихи тағдыры. "Ботагөз" романы – қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Роман КСРО халықтары тілдерінде және бірқатар шет ел тілдерінде аударылып басылды. "Ботагөз" романына негізделіп пьеса жазылып, Казақстан театрлары сахнасына шықты, кинофильм түсірілді.“Ботакөз” – С.Мұқанов қана емес, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің зор табысына кепіл. Шығармадағы символикалық мағынасы бар үш бөлім (“Тұңғиықта”, “Таң атарда”, “Күн күлімдегенде”) табиғи хронологияны сақтай отырып, даладағы зор өзгеріске дайындық пен әлеуметтік катаклизмнің ішкі себептерін көркем образдарға тән нанымды жағдайлар арқылы бейнелейді. Бүкіл әлемді толқытқан ғасыр оқиғасы сар селеу басқан қазақ жеріне де күтпеген жойқын жаңалықтар алып келеді. Оны әркім әр түрлі қарсы алады. Қуанғандар да, кейігендер де, қасірет кешіп, дағдарғандар да бар. Қыр халқы үшін, әрине, революция стихиялық құбылыс болатын.
  • Романда замана айдынынан бір-ақ шыққан жандардың дауылмен бірге қозғалған жанкешті әрекеттері характер, дүниетаным табиғатын аша түсетін айшықты нәрімен бедер табады. Оған жазушының ойлау қуаты мен асау қиялы да, кестелі тілі де еркін жетеді Біз қазақ қызы Ботакөздің от басындағы күйкі тіршілік құрсауында қалып қоймай, замана қыспағымен ашық күреске шығуы, жеке тағдырындағы қиын түйіндердің күрмеуін өзі шешіп, әлеуметтік өмірдегі биік белестерге көтерілуін рухани ерлік, ұлттық ділімізде бар табиғи қасиеттердің өзгеше жаңғыруы деп санаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет