«Сырдария» романы 1947 жылы жарық көрді. Атақты шығарма боп аты дүркіреп, қаламгер есімін де алысқа әйгіледі. Солтүстікте туған қаламгер оңтүстік тумасы – Сыр күрішін өмірге әкелген кейіпкер – диқан Сырбайдың адамдық бейнесі мен өзі көріп-білмеген дақылдың бары мен жоғын тәптіштеп керемет шығарма жазды. Романда диқан бейнесімен қатар соғыс жылдарында алыс ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының ерлікке пара-пар қажырлы еңбегі шынайы суреттеледі. Орыс және басқа тілдерге аударылған роман Одақтық әдебиеттің озық жетістігі ретінде бағаланды. Бұл «Ботакөзден» кейінгі бағалы кітап болды. Әуелде латын әліпбиімен басылған мұқабасы қызыл кітап ауыл кітапханасында әліге дейін сақтаулы. Адам тағдырын, соғыс кезіндегі тыл қасіретін тәптіштеген шығарма оқырманның іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. Еңбек те, майданның мұңы да мұнда ағын су арқылы ақиқатын тапқан. Сыр жұрты Сырдария ағып жатқанда бұл кітапты ұмыта алмайды.

Сәбит Мұқанов «Сырдария» романын 1947 жылы жазыпты. Сырдариядай үлкен суды, күріш пен күрмекті өмірде кеш көріпті, құлпырып өскен күріш, ай мүсіндес имек орақпен де жасы бел ортадан асқанда жүздесіп, жанына сырлас қылған екен. Ол заңды да. Солтүстіктің тумасы, ақ қар, көк мұзда өскен қаламгер ХХ ғасырдың ортасында өзі көріп-білмеген күріш деген дақылдың сөзбен суретін салып, үлкен судың тағдырына тартынбай кірісуі кімді болса да таңдандырмай қоймайды. «Күріштің арқасында күрмек су ішеді» деген мәтелдің мазмұнына да осы ауылда қанықты, адамның мінез-құлқын өсімдікке теліп айтқан халықтың айтқыштығына таңғалды.