Зерттеудің нәтижесі: Іздену нәтижесінде өрік сұрыптарының (сорттарының) сиреп немесе жоғалып кетуіне жол бермеу, керісінше көбейту, болашақ ұрпақ оларды қамқорға алу керектігін білу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тікенді өріктің пайдасы.
Кіріспе Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселенің бірі. Бұл да еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі. Азық-түлік қауіпсіздігі – қай елдің болса да тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі. Яғни, халықтың лайықты өмір сүруі оған қажет сапалы, қауіпсіз тамақ өнімдерін пайдаланумен өлшенсе керек. Сондықтан біздің кұнделікті тұтынып жүрген тағамымыздың сапасы сіз бен біздің денсаулығымыз. Өйткені сапалы ас адамның дұрыс өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Ттиімді сапалы тамақ (оның биохимиялық құрамы) – көптеген аурудан сақтандыратын, олардың алдын алатын қуатты фактор болғандықтан да, адам денсаулығы мен өнімді еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді. Азық-түлік қауіпсіздігін шешуде, адам организмін жақсартып, денсаулығын нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға, сүт және ет өнімдерімен қатар, тағамдық құндылығы мен емдік қасиеті мол жеміс-жидектер және көкөністік дақылдарды да көптеп өсіріп, тиімді пайдаланудың болашағы зор. Солардың қатарына тағамдық өсімдік ретінде тікенді өрік те жатады.
Кейінгі уақытта жазылған әдеби мәліметтер бойынша антиоксиданттық жүйенің жоғары белсенділігін сақтауда витаминдер тәрізді табиғи реттеушілердің олардың жеке әсеріне қарағанда, бірлескен әсерінің тиімді болатындығы анықталған. Қажетті антиоксиданттық жүйелерді қолдау үшін d – токоферол, аскорбин қышқылы, полифенолдар (биофлавоноидтар), глутатиондарды организмге тағаммен енгізудің маңызы зор. Тікенді өрік витаминдерге толы жеміс болып саналады.
1.1.Тікенді өрік дегеніміз не ? Тікенді өріктің (тёрн- ежелгі славян тілінен аударғанда «тікен» дегенді білдіреді) сыртқы көрінісі биіктігі бес метрге жететін бұта. Оның кейбір сорттары қысқа ағаштарға көбірек ұқсайды.
Көптеген бұталар сияқты, кезекпен гүлдейді, бұл әдетте сәуірден мамырға дейін болады, нақты уақыты өсу аймағына байланысты. Гүлденген тікенекті тану қиын емес, өйткені бүкіл бұта өте әдемі ақ гүлдермен жабылады. Бұл өсімдіктің гүлдену кезеңінде аралар одан тозаң мен балшырындарды белсенді түрде жинайды, сондықтан тікенді өрік бал өсімдігі ретінде саналады.
Бұталарының жапырақтары сопақша пішінді, шеттерінде тістері бар. Жапырақтардың ұзындығы әдетте шамамен 5 сантиметрге жетеді. Тікенекті бұталардың ағашы жеткілікті берік және күшті, қызыл-қоңыр реңктері бар. Одан түрлі бұйымдар жасалады.
Тікенді өрік (терн) негізінен далада, орманды далада, сондай-ақ жыртылған жерлерде және ормандардың шетінде өседі. Сондай-ақ жиі өзендердің жанында және жол жиектерінде өсіп, бұталарымен өтпейтін кедергілер жасайды. Тамырлары өте ұзын және жерге терең еніп, сол арқылы беткейлерді нығайтып, көшкін мен селдің алдын алады. Осы себепті бұл өсімдіктер көбінесе жері эрозияға бейім жерлерге мақсатты түрде отырғызылады. Сонымен қатар, бұл өсімдік сәндік мақсаттар үшін де пайдаланылады, кейде үй ландшафтына отырғызылады.
Тікенді өріктің диаметрі шамамен 12 мм, пішіні дөңгелек және қара көк түсті кішкентай жидектер.