Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашы-лығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивтіалдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққақарсы күрес ұсталған па-рақорлардың санымен емес осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы
тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинартренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сы-байлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктеряғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметіментікелей айналысатын адамдар жүргізеді, соны-мен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
1)Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай
қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
2)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Грузияда жүргізілген реформалардың негізгі нәтижелері
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздыр- майды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министр- лігінің сайтында жазылса болғаны. 2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды.