Тақырыбы: Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың ерекшеліктері


Шет тілі сабақтарында оқушыларды лексикаға үйретуде қолданылатын тәсілдер



бет7/14
Дата18.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94548
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Tyrsynbai Farkhat ттт (1)

2. Шет тілі сабақтарында оқушыларды лексикаға үйретуде қолданылатын тәсілдер
Лексика - сөздер және олардың тілдегі қолданылу аясы мен шеңберіне қарай топтаскан сөздер жиынтығы. Сонымен, лексика дегеніміз - белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы жиынтығы. Сөздер заттар мен кұбылыстардың аты, түр-түсі, саны мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді. Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әрбір сыныпта бұл сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әрбір кезенде үйрету әдістемесі әртүрлі болады.

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін лексикасын дамыту, білім — білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:



  • Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.

  • Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

  • Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.

  • Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады

  • Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады.

  • Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады

  • Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.

Кез-келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі - дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау керек. Сөзді дұрыс айта білу оқушының осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз байланысты.


Ағылшын тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі - оны туған тілге аудару, оның ауармасын білу. Аударманы колданудың басты жетістігі - сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігi - кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандылығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай сөйлемнің негізігі деңгейінде аударамыз. Тілді аударып пайдалану окытудың барлық кезеңінде жүргізіліп отырады. Сөз дыбыстан құралады, әріппен жазылады, оның оку ережесі болады, сондықтан мұғалім сөздің айтылуын оқылуын, жазылуын тани білуіге оқушыларды үйрету керек.
Мысалы: A book [buk]-кітап
This is a book. Give me a book. Take the book.
Сөздерді үйренуді басқа бір түрі - көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру. Көрнекіліктердің басты маңызы - бұл оқушылардың ағылшын тіліне деген мотивациясын арттыратын техникалық және техникалық емес құралдар деп танылады. Сонымен қатар, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытуда мұғалімге баға жетпес көмек көрсетеді. Тек көрнекіліктер арқылы ғана мұғалім обьективті әлемді модельдендіреді. Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім оку процесінің мақсаттарына жету үшін обьективті шындықты модельдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет