Тақырыбы: Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың ерекшеліктері



бет2/14
Дата18.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94548
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Tyrsynbai Farkhat ттт (1)

Өзектілігі
Қазақ тіліндегі сиякты шет тілінде де сөз - лингвистикалық, ұғым-лексикалық категория болып табылады. Тілдегі сөздер мен олардың атаулары жалпы болмаса, онда адамзат бір-біріне ұксас, әрі мыңдаған түрлі өзіндік ерекшеліктері бар адам, тау, ағаш, өзен, жеміс, сияқты ұғымдарға жеке-жеке атау іздеген болар еді. Ондай жағдайда тілде мындаған, миллондаған сөз пайда болып, соншама көп сөзді сол тіл халық өкілдерінің жадында сақтауда қиын болар еді. Олай болса, адамдар бір-бірімен қарым- қатынас жасай алмаған, бір-бірімен пікір алысып, түсінісе алмаған болар еді. Сондыктан шет тіліндегі сөздердің лексикалық құрамының мәнін түсініп, оны дұрыс қолдана білу керек.
Мақсаты – лексика ұғымына жалпы сипаттама бере отырып, шет тілінің лексикасы және оның ерекшеліктері, сабақ барысындағы тиімділігі туралы анықтама беру. Шет тілі сабақтарында оқушыларға лексиканы үйретуде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау.
Міндеттері:
-Лексика ұғымына ғылыми-теориялық тұрғыдан толық қанды сипаттама беру;
-Лексиканың салалары мен қолдану жүйесін сипаттау;
-Шет тілін үйрену барысында лексиканың атқаратын қызметін анықтау;

- Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың ерекшеліктерін ашып көрсету;

-Лексиканы меңгеруге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.


Зерттеу әдістері: Тәжірбиелік зерттеу және бақылау

Зерттеудің жаңалығы: бұл курстық жұмыстың зерттеу нәтижиесі бойынша бүгінгі таңда ағылшын тілі сабағы барысында лексиканы оқытудың ең басты ерекшелігі: тұрақты сөз тіркестері мен идиомаларды меңгеру оқушыларда қиындық туғызатыны, және лексиканы оңай, әрі тез меңгеру үшін ойын, қозғалыс, музыка және бейнелеу жұмыстарын жүргізу қолайлы болатындығы анықталды.






І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

Соңғы кезге дейін грамматика мен фонетика көбінесе лексикамен қатар және одан тәуелсіз зерттелді. Қазіргі әдістеменің маңызды прогрессивті принциптерінің бірі лексиканың грамматика және фонетикамен органикалық байланыста болып бірге зерттелуі және игерілуі болып табылады. Сөздің грамматикалық формасын және оның айтылуын бір мезгілде үйренбей лексиканы меңгеру мүмкін емес.
Айтылғандардан лексика грамматика мен фонетикадан маңыздырақ деген қорытынды жасауға болмайды. Алайда сөздің грамматикалық формалары қаншалықты маңызды болса да, әртүрлі ойларды жеткізу үшін көп сөздерді білу грамматикалық формалар мен құрылымдардың бірдей санын білуден пайдалырақ болады: мысалы: 50 сөз бен 5 грамматикалық конструкцияны біле отырып, сіз 5 сөз бен 50 конструкцияны білгенге қарағанда көбірек сөйлем құруға болады. Бұл айтылғаннан лексиканы меңгеру өз алдына оқыту мақсаты екен деген қорытынды шықпау керек. Маңызы қандай зор болғанмен, лексиканы меңгеру оқытудың мақсаты емес, тек сол мақсатқа жетудің өте маңызды құралы. Сонымен лексиканы оны сөйлеу барысында қолдана алу үшін меңгеру керек, яғни басқа адамдардың сөзін оқып немес тыңдап түсіну, өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде жеткізу үшін. Онсыз шетел тілінде сөз іскерліктері мен дағдыларын меңгеру мүмкін емес. Лексикаға байланысты ұғымдар мен білімдердің шет тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім үшін де рөлі зор.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет