Байланысты: Шөгінді таужыныстардың бітімдері мен құрылымдары
Реликтілік құрылым сазтаста бастапқы таужыныстың минералдарының пішіндерінің сақталғанын керсетеді. Егер сазтаста өсімдіктердің қалдығы сақталса фитопелиттік деп, жануарлардың қалдығы сақталса - зоопелиттік деп аталады.

Псевдоаморфтық /жалған аморфтық/ құрылым сазтастардың өте ұсақ түйіршіктерден тұруына байланысты тастілімде үйектелген жарыққа əсер етпейтінін көрсетеді.
Қабыршақтық құрылымда сазды минералдар топ-топ болып бағдарланған, сондықтан микроскоп үстелшесін
айналдырғанда агрегатты үйектелу байқалады.
Бағдарланған құрылым сазды минералдардың таужыныста оптикалық бір бағытта орналасқанын көрсетеді. Сондықтан никольдерді айқастырғанда көру аясында барлық сазды минералдар бірдей сөнеді.
Шырмалған талшықты құрылым. Айқас никольдерде таужыныста сазды минералдардың ұйысқан жіңішке талшықтары байқалады.