Сазды таужыныстардың құрылымдары əр түрлі белгілер - минерал түйіршіктерінің өлшемі, агрегаттарының пішіні мен орналасуы, ондағы қалдықтар бойынша сипатталады.
Пелиттік құрылым-бұл сазды таужыныстарға ең тəн құрылым, себебі минералдар таужыныста 0.01 мм-ден кіші түйіршіктер құрайды. Сазды түйіршіктердің өлшеміне қарай пелиттік құрылымның екі түрі ажыратылады: тозаңдық - 0.0010.01 мм жəне гельдік 0.001 мм-ден кіші.