4 топ Шоқан саяхатшы-ғалым
Шоқан жас кезінен саяхатшы болуды армандаған. 1855 жылы Тарбағатай мен Жетісу жеріне саяхат жасайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, жер-су аттары туралы материалдар жинайды
1856 жылы қырғыз еліне – Ыстықкөлге саяхат жасайды. Бұл сапарында «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» еңбектерін жазады. «Манас» жырының нұсқасын жазып алады
.1858-1859 жылдар аралығында Қашқарияға саяхат жасайды. Бұл сапарда «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектерін жазады.
« Ыстықкөл –1608 метр биіктікте орналасқан тұйық көл. Көлге 50-ден астам шағын өзен құяды. Қыста суы қатпайды Балықтың 20-дан астам түрі бар. Көл өңірінде 1958 жылы Ыстықкөл қорығы ұйымдастырылған.»
« Шапағаты нұр құйған жүректерге»
1-Жүргізуші : Шоқанның өмірі – ең үлгілі өмір. Ер жеткен шағының көпшілігін әскери қызметте, саяхатта өткізген Шоқанның 6-7 жыл ғана жазумен айналысуға мүмкіндігі болды. Сол аз жылда оның соншалықты көп көріп, көп жазып, өлмес мұра қалдырғанына, жазған еңбектерінің ғылыми тереңдігіне, соншалық кең көлемді білімді аз жылда қалай алғандығына қайран қалмасқа болмайды
2- жүргізуші: Ғалым туралы айтылған пікірлерге көңіл бөлейік.
1-оқушы: «Шоқан тұлғасы таусылмайтын сырға бай, ғажайып тұлға ғой. Кейде өзіңмен өзің болып ой кешіп отырғанда, Шоқан өмірде рас болды дегенге сеніңкіремейтінім рас. Келте ғұмырына соншалықты мол еңбекті қалай ғана сыйдырған десеңізші?…» (Шыңғыс .Айтматов)
2- оқушы: «Әлемдік (ориеталистикада) бір ауыздан мойындалатын саңлақ ғалымдар көп емес. Санаулы ғана. Сол санаулылар ортасында бірегей тұлғалардың бірі- қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов деп білемін»(Қоңыр Мандоки)
3-оқушы: «Шыңғыстың сүйген ұлы Шоқан еді,
Империя – патша жұрты тәмам көрді.
Өнері топтан асқан жігіт еді,
Сұм тағдыр сапар жолда қаза берді », — деп жырлады Ақан сері.
4-оқушы: Шоқанның ең жақын жолдастарының бірі Ядринцев былай дейді: «Қазақ даласындағы шалдармен әңгімелесіп, Шоқанды еске түсіргенде, олардың аппақ сақалдарын ыстық жаспен жуып егілгендігін өз көзімізбен көрдік. Шоқан өз елінің мақтаны әрі сүйікті ұлы. Ол жұртшылықтың жүрегінде тап осы дәрежеде сақталған еді ».
5 оқушы Ғалым Ковалевский Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт.», «Тамаша ғалым», «Қазақ халқының ең жақсы досы..» деп атады.
6-оқушы: Ия, Шоқан артына өлшеусіз мұра қалдырды. «Ғалымның хаты өлмейді» — деген Шоқанның өмірі мен ғылыми қызметі ешуақытта өлмек емес. Ғасырлар өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтың алдынан шықпақ. Өйткені ол барша халықты жүрегімен сүйіп, оларды ұлтқа, нәсілге, жынысына бөлмей бүкіл адамзат үшін аянбай еңбек етті.
7-оқушы : Шоқан Уәлиханов туралы шығыстанушы ірі ғалым И.И.Веселовский «Шоқан Уәлиханов жарқыраған жарық жұлдыздай жарқ етті. Орыс ориенталистері оның өмірге келген таңқаларлық құбылыс екенін бір ауыздан мойындады және оның түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы маңызды жаңалықтар ашады деп күтті» деген еді.
«Ішіне –сыртына» әдісі
А.Байтұрсынұлы Сарытүбек Алтынемел
Құсмұрын Мұхаммедқанафия
1835 жыл Кел балалар,оқылық
суретші Омбы М Шаханов
Құнанбай Шыңғыс Қаныш Зейнеп
ғалым . Айғаным Ұлжан қараша 1865
«Қазақтың жарық жұлдызы» жырлайды жүрек
Шоқан ................. ......................,
Шоқан ............... ...................... .
.......................... ...................... ,
......................... ..........................!
Мұғалім : Қымбатты оқушылар, ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановқа арналған сабақта біз Шоқанды қыр-сырынан таныдық деп білеміз. Енді осы білгендерімізді қорытындылай келе «Шоқан кім?» кластерін құрайық.
Ақ сандығым ашылды ішінен жібек шашылды Жұлдызшалар жасау
Глобус суретін ілу Шоқан деп жазып қою айналасына жұлдыздарды араклдан жасау іледі
Шоқан- демократ ғалым, дін зерттеуші, әдебиет зерттеуші, барлаушы, суретші, полиглот, күй зерттеуші, географ, тарихшы, құқықты зеттеуші, этнограф ғалым, саяхатшы.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, сарқылмайтын сыр. Халқымыздың ұлы перзенті, өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз.
Ғ.Мүсірепов былай дейді: «Тілегім келер күнге нық басқан қадамымызбен Шоқанның Шоқандығы, Ұлының ұлылығын үлкен мақтанышпен жыр етіп отырмын. Ұлы перзентін басына асқақтата көтерген халықтың ғана шоқтығы биіктей түсетінін ұмытпасақ деймін! Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел».Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқан жастары арқылы еліміз көркейіп, гүлдене берсін!
Рефлексия: Шоқан біздің жүрегімізде.
Хор: «Атамекен» әні
Достарыңызбен бөлісу: |