Тақырыбы: «Шоқтығы биік- шоқан»


-оқушы: Тауларын кезіп Тянь-Шань, Манасын жазған қырғыздың. Жете алмай кеткен сан қыран Нақ жұлдыз еді бұл біздің. 3-оқушы



бет2/3
Дата08.02.2023
өлшемі23,44 Kb.
#66077
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Шоқтығы биік-Шоқан 3-сынып

2-оқушы: Тауларын кезіп Тянь-Шань,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
3-оқушы: Ғылым оқып, білгенше,
Ешбір тыным таппаған.
Дүние кезіп көргенше
Рахат іздеп жатпаған.
4-оқушы Құйрықты жұлдыз секілді
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді
Мін тағар жан болмады.

«Тектіден текті туар қайталанбас» Топпен жұмыс


1-топ : Бала-Шоқан
Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қостанай облысы, Семиозер ауданында дүниеге келген.Әкесінің аты-Шыңғыс. Шоқанның әкесі Шыңғыс Құсмұрын дуанының аға сұлтаны болған. «Қара шаңырақ» иесі саналған. Шоқанның шын есімі – Мұхаммедқанафия. Шоқан 1835 жылы 1-қарашада өмірге келген. Шоқанның бала кезінен арманы – сурет салу болған. Балалық шағы әкесі Шыңғыстың туған жері – Көкшетаудағы Сырымбет тауының етегінде өткен. Жазғы демалыс кезінде Шоқан ауылы Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған халық тұрмысының көріністерін суретке салып бейнелеуіне мүмкіндік беретін. Шыңғыс төренің ауылында Семенов, Сатников деген ғалымдардың болуы Шоқанның ғылымға деген көзқарасына әсер етті.
2-топ Отбасы тынысы
Шоқанның анасы Зейнеп – қазақша хат таныған, Зейнеп атақты шешен Шорман бидің қызы болған. Шоқанның інісі- Мақы (Мақажан) суретші болған. Мақы Петербургте 11 жыл тұрған. Атақты суретшісі Шота Уәлиханов Мақының немересі
Шоқан орта жүз ханы батыр, ержүрек Абылайдың шөбересі. Шоқанның әжесі – Айғаным. Абылайдың ұлы Уәлидің кіші әйелі болған. Айғаным немересі Шоқанға 5-6 жасынан ертегі, қиссаларды оқуға ынтасын арттырған. Шоқанның ғалым болуына әжесі Айғанымның әсері көп болды. Шоқанның әйелі – Айсары.


3.Шоқан Омбы кадет корпусында
Шоқан 10 жасында Омбыдағы кадет корпусына түседі. Шоқан зерек,алғырлығымен көзге түсе білді. Ол география, тарих, физика, математика, ботаника пәндерді жақсы меңгереді.Өз бетімен қосымша әдебиеттерді оқиды.
Потанинмен дос болады. Шоқан аз уақытта орыс тілін жақсы меңгеріп алады. Ұстаздары оқымысты білімді адамдар болған. Олар: Дуров, Достаевский. Шоқанның кадет корпусында зерттеушілік қабілеті қалыптасады. Кадет корпусын 18 жасында бітіріп , Омбы қаласында әскери қызметін бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет