Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет


Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы



бет2/2
Дата24.11.2023
өлшемі24,24 Kb.
#125590
1   2
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы. Ежелгі дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары (біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр). Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап, шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе, онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп, сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6 Егер адам құдайдың затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс».
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XXIV ғасырға – шенеуніктердің тарапынан асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер үшін жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік аппарат реформасын ұйымдастырған шумер билеушісі Урукагиннің уақытына жатқызылады. Осылайша, шамамен төрт мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда парақорлық үшін жауапкершіліктің болғанын Хаммурапи патшаның заңдары, сондай-ақ египет фараондарының заңдары көрсетеді. Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған, ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық жайлаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінезқұлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарымқатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі – сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады.
Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар.
Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет – жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет – пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және білім, білік-дағдының, тұлғаның құзыретінің, оның сенімінің, ақпараттық, сезімдік және күшжігер компоненттерінің түйісу жатыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет рухани мәдениет жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Адам мәдениет субъектісі ретінде еңбек, саяси, этикалық, эстетикалық, адамгершілік және басқа мәдениеттердің жанашыры болып табылады, ол өзара тығыз байланысты, ал әртүрлі үйлесімде кірпияз симбиозды қалыптастырады.
Мәдениет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет айрықша функцияларды орындап, қоғамның белгілі бір тұтастығы мен ұйымшылдығын сақтай отырып, ерекше орын алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет өз мазмұнына мәдениеттердің барлық қалған түрлерінің элементтерін қамтиды, бұл олардың тұтастығының жалғыз субъектісі ретінде адамның өзінің табиғатымен байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ерекшелігі мәдениеттердің барлық түрлерімен өзара байланыста ғана емес. Оның мазмұны бірінші кезекте құқық пен адамгершілікті қамтиды. Мәдениеттердің барлық түрлері арасындағы диалог олардың арасындағы тығыз байланыстың барын белгілейді, олардың өзара толықтырушы рөлін атап өтіп, күшейтеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.Осындай адамның мазмұны құқықтық мәдениет болып табылатыны маңызды.
Қазіргі әдебиетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мазмұны негізінен құқықтық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті толықтай құқықтық мәдениетке апару дұрыс емес. Құқықтық мәдениет мысалы, адамгершілік, саяси мәдениетпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тек бөлігі ғана.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары моральдық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі». «Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады». Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;

Пайдаланылған әдебиет:

  • https://ksph.edu.kz/files/madeniet-negizderi.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет