Тақырыбы: Сөздік қорды дамытудың әдістері мен тәсілдері


Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмысының әдістемелік алғы шарты: психологиялық



бет3/4
Дата10.02.2023
өлшемі25,49 Kb.
#66936
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Сөздік қорды дамытудың әдістері мен тәсілдері

Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмысының әдістемелік алғы шарты: психологиялық
Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді.Оқушыны алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету қажет.Ол үшін оқушыға синоним сөздерді де үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп,оқушының сөздік қорында ондай сөздерде болуға тиісті.Оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жас сәбидің жанына жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.


Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмысының әдістемелік алғы шарты: дидактикалық.
Ойынның түрлері өте көп.Соның ішінде маңыздысы- дидактикалық ойын.Бұл ойынның пайдасы-баланың ой өрісін қалыптасуын,дамуын мақсат етіп қояды.Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға,адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді.Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру мақсатында орындалады.Дидактикалық ойынды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін,тартымдылығын,белсенділігін баланың ынтасын күшейтеді.Ойын ойнаған кезде дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек.Балалардың таным қабілетін,логикалық ой-өрісін кеңейтіп,сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы өте зор.Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.Олар:-Дидактикалық ойындар нақты,қысқа,қызықты болуы тиіс.
-Дидактикалық ойындардағы тапсырмалардың біртіндеп күрделену және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет.
-Ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілмен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпақ етуі қажет.
-Дидактикалық ойын баланың жас ерекшелігіне сай,бағдарламадағы материалдарға,оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып,тапсырма мәнін ашу керек.Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып,олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет