Тақырыбы: Сөздік қорды дамытудың әдістері мен тәсілдері


Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмысының әдістемелік алғы шарты: лингвитикалық



бет2/4
Дата10.02.2023
өлшемі25,49 Kb.
#66936
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
Сөздік қорды дамытудың әдістері мен тәсілдері

Оқушылардың сөздік қорын молайту жұмысының әдістемелік алғы шарты: лингвитикалық
Тіл – адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасауының құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым – қатынас жасау үшін алдымен сөзді, сонан соң сөздерді қалай қолдануды білуі шарт. Міне, сондықтан да тілді үйретуде оқушының сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай қолданатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады.Ана тілін оқыту әдістемесінде де оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән берілетіні де бұл мәселердің сөйлеуде атқаратын зор қызметіне байланысты. Ал екінші тілді оқытуда сөзді білу, сөздік қорының мол болуы оқушының тілді меңгеру дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі.Оқушының сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Бұлардың әрқайсысы өте үлкен мәселелер, олар қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі.Сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін адамдаро ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу керек. Сөздерді білмейінше адам ойын басқаға жеткізе алмайды. Сөсіз тіл арқылы қарым – қатынас жасау мүмкін емес. Тәжірбиеде екінші тідлі үйрене бастаған адамның ойын жеткізуге қажетті сөзді білмей дағдарып, әдепті тұрғаны жиі кездеседі. Сөздік қоры мол адамдар ондай қиындыққа кездеспейді. Сондықтанда халықта тіл байлығы мол, шебер сөйлей білу адамның мәдениетінің көрсеткішінің бірі болып саналады. Ол туралы әдістемеші ғалым А.В. Текучевтің пікірін келтірейік: « Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі – оның жалпы мәдениетінің деңгейлік көрсеткіші ». Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді.Оқушыны алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету қажет.Ол үшін оқушыға синоним сөздерді де үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп,оқушының сөздік қорында ондай сөздерде болуға тиісті.Оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жас сәбидің жанына жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет