Созылмалы гломерулонефриттің дамуында соңғы кезде екі басты факторға көңіл бөлінген: біріншіден – организмде ұзақ сақталатын вирустарға, мәселен гепатиттің, герпестің вирустарына; екіншіден – дәрмектік және химиялық заттардың әсеріне.
Гломерулонефриттің дамуында екі механизм жатыр:
Қанда антиген-антидене комплексінің түзілуі;
Бүйректің зақымдалуына жауап ретінде бүйрекке қарсы аутоантиденелердің түзілуі.
Патогенезі.
Созылмалы гломерулонефриттің басты даму механизмі – бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы. Морфологиялық зерттеуде иммундық комплекстердің мезангийде, базальдік мембрананың эпителийге қараған бетінде түйінделіп жиналуы анықталады. Аурудың патогенезі аллергиялық- бүйрек шумақтарының капиллярларына антиген-антидене комплексі жабысады. Бүйректің көлемі шамалы ғана зақымдалады. Шумақтардың ұлғаюы мен оның гиперемиясы анықталады. дамуының басты механизмі- бүйрек шумақтарында иммундық комплекстердің жиналуы.
Иммундық комплекстер сырттан келіп шөгеді немесе шумақтарда жергілікті түзіледі