Байланысты: Та ырыбы Спортты ойындар ж не оз алмалы ойындар кіріспе «Д ры
Таңғажайып тоғызқүмалақ Еуропа төрінен орын ала бастады Күздің басында Прага қаласында кезекті рет зияткерлік ойындар олимпиадасы өткізілгенде қазақстандық тоғызқүмалақшылар еуропалық мектеп оқушыларына тоғызқүмалақ сияқты зерде ойынының қыр-сырын да үйретіп, семинар өткізіп қайтқан болатын. Бүл тоғызқүмалақтың Еуропаға алғашқы шығуы емес екен.Тоғызқүмалақ ойыны зияткерлік спорттың ішіндегі ең күрделі түрлерінің бірі, бүл ойынның 4 мың жылдық тарихы бар. Сонау көне замандардан бүгінгі күнге дейін келіп отыр. Алғашқы кезде бүның үш отау, бес отау, жеті отаулық шағын үлгілері болса, бүгінгі күні біз жетілген тоғыз отаулық классикалық ережесімен ойнап жүрміз.
Тоғызқүмалақ ойынын біз Орта Азияда, Ресейде жэне осы Еуропа елдерінде насихаттауды қолға алғанбыз. Сонымен қатар басқа елдерде де қызығушылық бар. Атап айтқанда Америка, Африка елдерінде де. Қазақстандық жэне чехиялық мектеп оқушылары тоғызқұмалақ жарысында, Пардубице, наурыз, 2008 жыл.Жалпы айтқанда біз неге тоғызқұмалақты насихаттап отырмыз, ол ойын ретінде ғана емес, оның танымдық, тағлымдық, терапиялық, спорт, өнер, ғылым ретіндегі маңызы зор. Бұл жасөспірімнің ақыл-ойын шыңдап, ми қызметін жетілдіретін зияткерлік спорттық ойын. Сондықтан мұның тек ұлттық бағытта емес, жалпы элемдік деңгейде де маңызы өте зор, өйткені тоғызқұмалақ сияқты ойындарды ойнаған бала есейе келе өзінің күнделікті нақты жоспарын құрып, дүниеге көзқарасы молайып, жетілген тұлға болып қалыптасады.Сондықтан тоғызқұмалақ ойынын біздің бүгінгі насихаттап отырғанымыздың себебі, қазақ халқының осындай үлы мүрасы бар екенін, зияткерлік өнері бар екенін басқа халықтарға да бір жағынан таныту, сонымен қатар адамзаттық деңгейде де өзіміздің үлесімізді қосу болып табылады.Қазіргі кезде Қазақстанда тоғызқүмалақты насихаттаудың түрлі жолдары көп. Біз жарыстармен қатар семинарлар, конференциялар өткіземіз.Мэселен, 2008 жылдың ақпан айында Алматыда "Тоғызқүмалақты халықаралық деңгейде дамытудың өзекті мэселелері жэне алдағы мінеттері" атты халықаралық конфренция өтті. Оған Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия жэне басқа да бірнеше елдердің ғалымдары келіп баяндамаларын оқыды. Өздері келе алмағандары баяндамаларын жібергендері болды.Ал енді бізде жарыстардың жылдық күнтізбелік жоспары бар. Оны Қазақстан спорт жэне турзим министрлігі мен Тоғызқүмалақ федерациясы бірлесіп жасайды. Бізде жылына 40-қа жуық республикалық жэне халықаралық жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар жас ерекшеліктеріне сәйкес үлдар мен қыздар және ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар бар. Сонымен бірге жекелей чемпионаттар, шапшаң ойнау чемпионаттары өткізіледі. Міне осының барлығы бізде тоғызқүмалақ ойынының жүйелі түрде даму жолына түскенін көрсетіп отыр.Сондай-ақ біз өзіміздің тэжірибемізбен бөлісу үшін алыс жэне жақын шетелдерде семинарлар өткіземіз. Өткен жылы тоғыз семинар болса оның бесеуі Қазақстанда өтсе, қалғанын шетелдердегі жергілікті комитеттер өткізді.із өз тарапымыздан Чехияда, Македонияда, Қырғызстанда, Ресейдің таулы Алтай республикасында өткіздік. Жалпы байқағанымыз тоғызқүмалақ ойынына деген қызығушылық өте жоғары.Мэселен Американың Аляска университеті осы тоғызқүмалақтың компьютерлік бағдарламасын жасап шығарды. Ал Колумбияда өткен жылы өздері семинар өткізіп,тоғызқүмалақ ережелерін насихаттап, таратуда.Швейцарияда өткен конференцияда Испания азаматы Виктор Баутисторока баяндама жасап, тоғызқүмалақ тақталарын бірнеше елдердің Швейцарияның, Италияның мүражайларына таратқан Шынында да тоғызқүмалақ ойынын тек спорт, өнер, ғылым ретінде қарастыруға болмайды. Мен қазіргікезде оны бабаларымыздың дүниетанымы ретінде қарастырамын. Өйткені ондай ойындардың дүниежүзінде 400-ге жуық түрі бар, атап айтқанда ол Африка елдерінде, Америкада, Еуропа елдерінде, мынау Азияның бірнеше елдерінде осы тоғызқүмалақ сияқты ойындар бар. Мэселен тоғызқүмалақтың тақтасының өзі Норвегия мен Индонезияда үқсас.Бірақ біз осы үқсастығына бола оны тоғызқүмалақ десек, ол біздің шалағайлылығымыз болады. Сондықтан ол жерде кездесетін тақталардағы ережелерді сараптап, талдағанда ғана оның қандай ойын екенін байқаймыз. Ал осындай ережелер қайдан шығады, ол сол жердегі халықтың дэстүріне, салтына, дүниеге көзқарасына, этнографиясына байланысты, сонымен қатар сол жердегі халықтың бір-бірімен аралас-қүраластығына негізделген. Яғни тоғызқүмалақ ойыны бүл - көшпенділердің дүниетанымы негізінде жасалған.Мэселен "түздық" деген ереже бар, бүл ережені отауға ие болу деп қарастыруа болады, демек екі қүмалақ жатқан үйге үшінші қүмалақты апарып көшірсеңіз, сонда ғана отауға ие боласыз. Ал отауға ие болуды қалай түсіндіруге болады, яғни жастар бірін-бірі үнатып, отау қүрады, бірақ ол үйде үрпақ дүниеге келмесе, онда ол үйден отау шықпайды. Сонымен қатар жүп деген бізде табыс болып есептеледі. Американың "калах" деген ойынында жалғыздық табыс болып есептеледі, кім бірінші бастаса, сол жеңіске жетеді. Ал керісінше бізде "жалғыздың үні" шықпас дейді.Сонымен қатар тоғызқүмалақ ойынында маңдай, атөтпес, тектүрмас, бел, белбасар деген отаулардың аттары бар. Ал енді мысалы бізде үнемі маңдайың ашық болсын, артың жабық болсын дейді, ол жабық болсын деген отаудағы қүмалақтарды жүптан үстап отыруымыз керек, ал маңдайымызды үнемі ашық қалдырып отыруымыз керек. Міне осындай көптеген философиялық үғымдар бар, танымдық көзқарастар бар. Мен тек қана шет жағасын айтып отырмын, болашақта сол 400-ге жуық түрін жеке-жеке зерттесек, үлкен зияткерлік ғылым, этноматематика ғылымы туындайды.Бүны қазір еуропалық ғалымдар зерттеп жүр, ал Орта Азияда, Қазақстанда жалпы алдағы уақытта зерттеледі деп ойлаймын. Қазір соңгы статистика бойынша Қазақстанда тоғызқүмалақпен айналысып жүргендердің саны 36 мың, бүл ресми ғана, ал бірақ менің ойымша бүл 100 мыңнан асады. Жэне 1,5 мыңдай жаттықтырушы бар. Мүның барлығы Қазақстанда тоғызқүмалақ спортының жүйелі даму жолына түскенін байқатады. Бүл ойынды дамыту үшін министрлік тарапынан жылына 10 миллион теңге бөлінеді. Қазақстан тоғызқүмалақ қауымдастығы да бүл салаға қомақты қаржы бөліп отыр.