Тақырыбы: Спорттық ойындар және Қозғалмалы ойындар кіріспе «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе»


Қазіргі кездегі Қазақстандағы спорт



бет16/23
Дата27.03.2023
өлшемі73,73 Kb.
#76410
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Та ырыбы Спортты ойындар ж не оз алмалы ойындар кіріспе «Д ры

6. Қазіргі кездегі Қазақстандағы спорт
1. Спорт жэне дене тәрбиесі.
2. Қазақстан спортшылары
3. Қазақстандағы спорт базалары
Спорт жэне дене тәрбиесі. Қазақ халқының дене тэрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы кездегі дене тэрбиесі мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кэдесіне жарағандығын кейбір археол. деректер дэлелдейді. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқү-малақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқүмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін кездестірді. Түрік қағандығы дэуірінде Қазақстан жерінде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда энші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш өнерін көрсетушілер бас қосып отырған. 7 ғ-да Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алған Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тэрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені байқалады. Ежелден садақ тарту, бэйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған үлттық спорт түрлерін, эр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, эр жүздің, эрбір хан мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сэйгүлігі болған. Олар бэйге-жарыстарда ірі рулардың намысын қорғаған Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр үлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп эсер етті. Мүндай жағдай, эсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тэрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мэселелер, эскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол үйымдары қыруар жүмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, эскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 ж. 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қ-нда дене тэрбиесі нүсқаушылары және ү-йымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар ұйымдастырылды. Оған^ жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мүнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қ-ларында ірі і спорттық орталықтар қүрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу \ губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тэрбиесін дамыту мақсатында 1925 ж. Семей қ-нда арнаулы спартакиада өтті. Дэл осындай эйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қ-ларында да үйымдастырылды. 1928 ж. Петропавл қ-нда Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуда 1931 ж. енгізілген "КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол" (ГТО) деп аталған бэсекелердің маңызы зор болды. Бүл жастардың спортқа түрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тэрбиесінен үлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 ж. Алматыда дене тэрбиесі техникумы ашылды. 1934 ж. респ. ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада жэне мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 ж. өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт жэне бұқаралық қорғаныс жүмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында эскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді. 1945 — 56 ж. Қазақстанда дене тэрбиесі ұйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты. 1945 ж. Алматыда дене тэрбиесі ин-ты (Қазақ физкультура ин-ты) ашылды. 1946 ж. Шоқыр Бөлтекүлы "Спартак" қоғамы бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бірінші болып спорт шебері деген дэрежеге жетті. 1950 ж. Қазақстан спорт үйымдары қүрылды. 1959 ж. бүл үйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді. 1951 ж. "Колхозшы" спорт қоғамы қүрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат" деп аталды. 1956 ж. Мэскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимпиялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А.Артеменко 1956 ж. Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е.Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олимпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Ғ.Қосанов 1960 10 м-лік эстафеташылар жарысында күмісхж. Римде өткен 17-олимпиялық ойындарда 4 жүлдені иемденді.Елімізде қысқы спорттың дамуына 1951 ж. ашылған эйгілі Медеу мүз " айдыны (қ. Медеу спорт кешені) үлкен ықпал етті. Мүнда көптеген дүниежүз. жэне қүрлықтық рекордтар жаңарды. 1960 жылдардың басында Қазақстанда спорт клубтары (АДК "Шахтер", "Болат", "Динамо", т.б.) қүрыла бастады.
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы түсында айтарлықтай спорттық дэрежеге қол жеткізді. Көгалдағы хоккейшілер, допты хоккейшілер, ^ "Буревестник", АДК волейболшылары, "Динамо" су добы командасы і КСРО, Еуропа жэне дүние жүзі чемпиондары атанды. Аталмыш / командалар қүрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Қүмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жэркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко., Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдіғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсетті.1976 ж. 21-Олимпиялық ойындарда (Монреаль, Канада) КСРО қүрама командасына 14 қазақстандық спортшы 11 спорт түрінен қатысты. Бүл олимпия ойынында жерлестеріміз 8 алтын жэне 2 күміс медальға ие болды. Ал осы жылы өткен Қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан 2 қола медальді иемденді. Мэскеуде өткен 22-олимпия ойындарында (1980) 20 қазақстандық спортшы 6 алтын, 2 күміс жэне 7 қола медальді алды. Осы олимпияда ойындарында Ж.Үшкемпіров, Ш.Серіков, т.б. олимпия чемпиондары атанды. 1988 ж. Сеулде (Корея Республикасы) өткен 24-олимпия ойындарында КСРО құрама командасында 30 қазақстандық спортшы қатысты. Олар әр түрлі дэрежедегі 18 медальді иеленді. Барселонада (Испания) өткен 25-олимпия ойындарында (1992) Қазақстан Республикасы ТМД құрама командасында болды. Мүнда 11 спорт түрінен 23 спортшы қатысып, 5 медаль (Е.Чебукина, И.Герлиц, Д.Түрлыханов, Т.Менынова, В.Вохмянин) алды. Қазақстандықтар 1994 ж. бастап Азия ойындарына қатысып келеді. Хиросима (Жапония) қ-нда өткен 12 ойындарында қазақстандықтар жалпыкомандалық төртінші орынды иеленді. Олар 77 медальға (оның 25-і алтын) ие болды. Атап айтқанда Қ.Шағатаев, Н.Сманов (бокс), М.Мамыров (еркін күрес), Ю.Мельниченко, Д.Түрлыханов (грек-рим күресі), О.Шишигина (жеңіл атлетика) сынды спортшылар алтын медаль иегерлері атанды. 1998 ж. Таиландта (Бангкок қ.) өткен 13-Азия ойындарында қазақстандықтар бесінші орын алды. Олардың үлесінде барлығы 78 медаль (оның 24-і алтын) болды. Чемпион атанғандардың ішінде В.Гуща, Д.Аспандиярова (нысана көздеу), Д.Топоров, Қ.Нүрмағамбетов (ескек), Б.Байсейітов, С.Матвиенко (грек-рим күресі), Н.Торшина, О.Шишигина, И.Потапович, С.Арзамасов (жеңіл атлетика), В.Бурба, Е.Ибрайымов, М.Ділдэбеков (бокс) сынды спортшылар бар. 2002 жылы Корея Республикасының Пусан қаласында өткен 14-Азия ойындарында жерлестеріміз 76 медаль алды. Командалық есепте бесінші орында болды. 20 спортшы алтыннан алқа тақты. Олардың арасында А.Тетерюк (велоспорт), Ә.Иманбаев, Г.Цурцумия (грек-рим күресі), Б.Ахметов, С.Филимонов (ауыр атлетика), Н.Торшина, Г.Егоров, ' В.Борисов (жеңіл атлетика), Н.Кәрімжанов, Г.Головкин (бокс), О.Довгун, С.Беляев (нысана көздеу), т.б. спортшылар бар. 1994 ж. Лиллехаммерде (Норвегия) өткен Қысқы олимпия ойындарында көкшетаулық В.Смирнов олимпия чемпионы атанды. Атланта (АҚШ) Қ-нда өткен 26-олимпия** ойындарында Қазақстан түңғыш рет жеке команда болып шықты. Қазақстандық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальға ие болды. .) Олимпияға қатысқан 197 елдің ішінде Қазақстан 24-орынды иемденді. [ Ю.Мельниченко (грек-рим күресі), А.Парыгин (бессайыс), В.Жиров (бокс) ? тэуелсіз мемлекетіміздің түңғыш чемпиондары болды. Сиднейде (Австралия) өткен 27-олимпия ойындарында (2000) қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс медальді иемденді. Олимпияға қатысқан 199 елдің ішінде Қазақстан спортшылары 22-орында түрақтады. Бүл олимпия ойындарында Е.Ибрайымов, Б.Саттарханов, О.Шишигина чемпион атанды. 2001 ж. Қазақстан Республикасы тэуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 1-жазғыі спартакиада өтті. Бүл бэсекеге еліміздің миллионнан аса түрғыны қатысты. Бэсеке қорытындысында Оңт. Қазақстан обл-ның өкілдері (4430 ұпай) бас жүлдені еншіледі. Алматы қ-ның спортшылары екінші (4272 үпай), қарағандылықтар үшінші (3658, 33 үлай) орынға шықты.
Үлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бэйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрінен арнайы федерациялар қүрылған. Ресми жарыстар өтіп түрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбір мектептерде пэн ретінде оқытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет