Тақырыбы: Спорттық ойындар



бет2/2
Дата31.10.2023
өлшемі26,69 Mb.
#121194
1   2
Баскетбол
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет, boll -доп) деп жіктеледі.
Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады.
Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады.
Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Теннис
Теннис - бірге бір (жекелей сын) немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорт түрі.
«Теннис сөзі Француздың «Тенназ» сөзінен шыққан» «Бұл сөз «Ойнаңдар» мағынасын білдіреді».
Теннис ойынының тарихы ежелгі дәуірден басталған. Оның ең алғашқы үлгісін грек пен римдіктер ойлап тапқан.
XII – XIII ғасырдағы тарихи жазбаларда '''Италияда''' адамдардың доптарды қолдарымен немесе ағашпен қайтарып ойнайтын ойыны жайлы мәлеметтер кездеседі.
Ойынның аты «ДЖИДОКО» деп аталған.
Ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден аспауы керек.
Доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы керек.
Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесе асфальтталған болады.
Теннис алаңының ұзындығы - 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр.
Бейсбол
. Бейсбол (ағылш. baseball ; base — база, а ball — доп.) — таяқшамен (битамен) допты соғып ойнайтын спорттық ойын түрі.
1992 жылдан Олимпия ойындарына енгізілді.Қазақстандағы бейсбол тарихы 1995 жылғы Chevron компаниясы мен Сан-Роман қаласының (Калифорния) бейсбол лигасы белсенділерінің қолдауымен өткен ойыннан басталады.
Бейсбол (ағылш. baseball) — таяқшамен (битамен) допты соғып ойнайтын спорттық ойын түрі.
Ойын тегіс, төртбұрышты (175х125 м) көгалды алаңда өткізіледі. Әр команда құрамында 9 (солтүстік-америкалық бейсбол) немесе 11 (уэльстік бейсбол) ойыншы болады.
Ойын мақсаты — допты төртбұрыш алаңның ортасында орналасқан “қоймаға” түсіру. Доп шеңберінің ұзындығы 23,5 см, салмағы 145 г, таяқшасының ұзындығы 106,7 см.
Бейсболдың отаны — Англия. Халықаралық федерациясы (ІBF) 1921 жылы құрылған. Оған 71 мемлекет мүше (1991). Бейсболдан дүниежүзілік чемпионат 1938 жылдан өткізіліп келеді, 1992 жылдан Олимпия ойындарына енгізілді.
Гандбол
Гандбол (дат. håndbold, англ. handball от hand — қол және ball — доп) -қол добы— командалық спорттық доп ойыны. Шамамен 1895 жылы Германияда пайда болған. Халықаралық қол добы федерациясы 1928 жылы құрылды. 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиялық ойындар бағдарламасына енді.
Қол добының әр командада 7 немесе 11 адам ойнайтын екі түрі бар. Алғашқысы 40x20 м алаңда ойналады.
Доптың салмағы 425–475 грамм, диаметрі 54–56 сантиметр, қақпаның ені 3 метр, биіктігі 2 метр.
Ойыншылардың қақпа алдындағы 6 метрлік алаңға енуіне болмайды. Ойын 30 минуттық (әйелдер үшін 25 минут) екі таймнан тұрады.
Қол добынан Қазақстан Республикасы әйелдер құрамасы 2002 жылы Азия чемпионы және 14 - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Гольф
Гольф (ағыл. golf) — спорттық ойын, жекелеген қатысушылар немесе командалар, белгілі қашықтықты ең аз соққы санымен кішкентай допты арнайы шұңқырға сырғытпа таяқпен кіргізіп жарысады.
. Гольф алаңы шұңқырлар сериясынан тұрады, олардың әрқайсысы өзінің бастапқы алаңынан тұрады.
Бастапқы алаң екі белгімен белгіленеді және олар рұқсат етілген аймақ шекараларын көрсетеді, онда допқа арналған қазық орнатылуы мүмкін.
Ойын үшін алаңда әр түрлі кедергілер — су бөгеттері, құм толтырылған бункерлер, түптер, ағаштар, биік шөптер бола алады.
Әрбір ойынға қатысушы белгіленген тәртіппен лункадардың (әдетте 18) белгілі бір саны өтуі тиіс. Бұл жағдайда лунка жердегі тесік және ойындар үшін арналған бүкіл алаң аталадыГольф үшін ойыншы 14-тен артық емес сығыртпа таяқ түрін пайдалана алады.
ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ
Дұрыс тамақтану ережелері:
1. Жиі әрі аз-аздан тамақтану (әр 2,5 — 3 сағат сайын тамақтану. 1 күнге 5-6 рет тамақтану қажет);
2. Рационда белоктың, майдың және көмірсутегінің болуы;
3. 1 күн ішінде тұтынатын майды, белокты және көмірсутегін өз организміңіздің қалауына қарай ыңғайластыра қолдану;
4. Таза су (күніне 2 литрден жоғары мөлшерде су ішу керек);
5. Таза тамақ (жартылай фабрикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту);
6. Калория нормасын сақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет