Қызылша - дене қызбасымен, жоғарғы тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабаттарының катаральдық қабынуымен және де теріде түйіншекті - дақты бөртпелер шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша вирусын 1954 жылы Д.Эндерс және Т.Пиблс бөліп алған. Таксономиясы
Морфологиясы жалпы парамиксовирустарға ұқсас.Вирионының диаметрі 150-250 нм. Вирус геномы-бір жіпшелі, фрагменттелмеген, минус - жіпті РНК. Ақуыздары: нуклеокапсидтік NP, матриксттік М, беткейлік гемагглютинин (Н) және қосу-біріктіру ақуызы (Ғ) фермент - гемолизин. Қызылша вирусының гемагглютинациялық және гемолитикалық белсенділігі бар, құрамында нейраминидаза жоқ. Серотиптері анықталмаған. Негізгі антигендері: Н (гемагглютинин), Ғ пептид және нуклеокапсид (NР). Гемагглютининге және Ғ ақуызға қарсы пайда болған антиденелер инфицирленген жасушаларға бағытталған цитотоксикалық әсер етеді
Дақылдандыру
. Адамдардың эмбрионынан және маймылдардың бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдарына,ауыспалы НеLа,Vега жасуша дақылдарына жұқтырып өсіп өндіреді. ЦПӘ симпласттар пайда болумен көрініс береді,және де цитоплазматикалық, ядроішілік қосындылар пайда болады. Ғ ақуыз жасушалардың бір-бірімен қосылып - бірігуін тудырады.
Резистенттілігі.
Қызылша вирусы қоршаған ортада ұзақ уақыт сақтала алмайды. Бөлмелік температурада белсенділігін 3-4 сағаттан кейін жояды. Күн сәулесінің, УК-сәуленің әсерінен жылдам өледі,детергениттердің және дезинфеканттардың әсеріне сезімтал.
Эпидемиологиясы
Қызылшамен тек қана адамдар ауырады. Тәжірибиелік жағдайда қызылша ауруының белгілерін зерттеу үшін маймылдарды пайдаланады. Қызылша әлемнің барлық өңірлерінде кездесетін, кең таралған антропонозды жұқпалы ауру. Әр түрлі жастағы адамдар, көбінесе 4-5 жастағы балалар ауырады. Инфекңия көзі -ауру адам. Негізгі жұғу жолы-ауалы-тамшылы,сирек жағдайда жанасу (контакт) арқылы жұғуы ықтимал. Мазасыздану (продромальды) кезеңінде және бөртпе пайда болған кездің 1-күнінде -айналасындағыларға науқастың ауру жұқтыру қаупі өте зор.бөртпе пайда болғаннан кейін 5күн өткен соң науқас жұқпалы емес.