. Қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабаты арқылы енеді,лимфатүйіндеріне барады. Вирустың алғашқы репродукциялануы мұрын-жұтқыншақ және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиялық жасушаларында атқарылады. Содан кейін вирустар қанға түсіп (вирусемия), қантамыр капиллярларының эндотелияларын зақымдайды. Осы жасушалардың некроздануының нәтижесінде бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар вирус Т-лимфоциттердің функциональдық белсенділігін басып тастайды, ол өз кезегінде екіншілік иммундытапшылық дамуына әкеледі.Сирек жағдайда вирус ОЖЖ-не еніп энцефаломиелит қоздырады.
Клиникалық көріністері
Жасырын кезеңі 8-15 күн. Алғашқыда жедел респираторлық белгілер байқалады (ринит, фарингит, конъюктивит, фотофобия, 39°С-қа дейін дене қызбасы). Содан кейін 3-4 күндері шырышты қабаттарда және теріде түйіншекті-таңдақты бөртпелер пайда болады. Бөртпе жоғарыдан төмен қарай тарала бастайды:алдымен бетте, маңдайда, құлақтардық артында, сонан соң кеудеде, қол және аяқтарында. Бөртпе пайда болудан 1 тәулік бұрын ұрыттың шырышты қабатында майда (диаметрі-1мм), қызыл жиекпен қоршалған Бельский -Филатов-Коплик дағы пайда болады, ол қызылшаны дифференциялаушы белгі болып табылады. Ауру 9 күнге созылады, бөртпе ешқандай із қалдырмай біртіндеп кете бастайды.
Жеделдеу склерозданушы панэнцефалит (ЖСПЭ - ПСПЭ). Лимфоидты тіндерде, ОЖЖ - нің нейрондарында вирус персистенцияланған жағдайда қызылшамен ауырып тұрғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң өліммен аяқталатын, баяу дамитын инфекция-жеделдеу склерозданушы панэнцефалит (ЖСПЭ- ПСПЭ) дамиды. Өйткені нерв жүйесінің зақымдануы нәтижесінде нейрондар өледі, қозғалыс қабілеттілігі мен психикасы бұзылады.