1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар, Құрметті де аяулы ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ақырын жүріп анық бас. Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. 2-жүргізуші: Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің шымылдығын ашып беру үшін алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Досумбеков Ерлан Қадірұлына береміз. (сөз сөйлейді)
*********
2-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. - Келесі құттықтау сөзін оқу ісінің меңгерушісі Исабекова Сандуғаш Рахметоллақызына береміз. (сөз сөйлейді)
*********