ДӘРІС №1.
ТАҚЫРЫБЫ: Суалған сиырларды азықтандыру.
Дәріс мақсаты: суалған сиырларды азықтандыру ерекшеліктерін оқып үйрену.
Дәріс жоспары:
Суалу кезеңінің ерекшеліктері
Суалған сиырлардың азықтандыру рационы
Сиырды суалтқанда екі мақсат қойылады. Біріншіден, туар алдында жедел дами бастаған ұрықты барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ету. Өйткені бұзаудың болашақ өміршеңдігі, ауру-сырқатқа шалдықпай тез жетілуі және сақайған кезіндегі өнімділігі оның жатырда даму деңгейіне тығыз байланысты болады.
Екіншіден, сиырды суалтқан кезде, оның организмі төлдеуге , бұзаулағаннан кейін басталатын келесі сауылымға дейін дайын болуы көзделеді. Өйткені оңай суалған сүтпен сиыр денесінің қоректік, минералдық заттар қоры азайып, оларды толықтыру қажет.
Сиырды орташа суалту мерзімі 45-60 күнге созылады. Организмнің өсіп-жетілуі аяқталмаған құнажындар мен жоғары өнімді сиырларға бұл мерзімді біршама ұзартады. Ауырған немесе аықтаған сиырларға суалған кезеңді ұзартады.
Сиырларды суалтуды азықтандыру деңгейін өзгерту арқылы жүргізгендіктен, бірінші онкүндікте сиырдың сүт түзуін тежеу үшін негізгі азықтандыру норманың 80 процент көлемінде азықтандырады. Екінші онкүндікте азықтандыру деңгейін-кестеде келтірілген азықтандыру нормасына жеткізіп, үшінші және төртінші онкүндікте одан 20 процент арттырады. Бесінші онкүндікте қайта 100 процентке, алтыншыда 80 процентке түсіреді. Құнажындар мен күйі төмен сиырларға-кестеде келтірілген негізгі нормалық көрсеткіштерді қосымша салмақ қосып қондылығын арттыру үшін 1-2 азық өлшеміне (1 кг қосымша салмаққа) 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин қажет есебінен жоғарылатады. Соған сәйкес сиыр рационындағы басқа да қоректік заттар көлемі жоғарылатады.
Буаз сиыр организмінде жүйке-қан жүйе жұмысы өзгеріп, сүт түзілуін қалыптастыратын орталықтың қызметі әлсірейді де, құрсақтағы бұзаудың өсуін қамтамасыз ететін орталықтың жұмысы күшейе түседі: сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы артады. Суалту кезінде буаз сиыр тәулігіне 800-900 г салмақ қосып жаңа туылған бұзау тірі салмағы енесінің салмағының 7-9 процентіне 800-900г салмаққа жетуге тиіс.
Суалған буаз сиырлар рационын таза сапалы азықтардан құратырады. Ластанып немесе шіріп, көгеріп бұзыла бастаған азықтар сиырға іш тастатуы мүмкін.
Буаз сиырларды тыңайтқыш қолданған жайылымда жайғанда, жайылым отының құрамын, әсіресе буаздыққа зиянды нитраттардың деңгейін бақылайды. Бұзаулауға 6-7 күн қалғанда рациондағы шырынды және құнарлы азықтарды күрт азайтып, 2-3 күн қалғанда толығымен алып тастап, азықтар мөлшерін тек тіршілікті қамтамасыз ететін деңгейде кемітеді. Бұзаулайтын күні алдына пішен салып қойып, жылы таза суға қорытылуы жеңіл жем араластырып ішкізеді. Суалған кезеңдегі сиырдың дұрыс азықтандырылғанын салмақ қосымы бойынша бақылайды. Бұл кезеңде сиырдың салмағы 10-12 пайызға артуы тиіс.
Негізгі әдебиеттер Омарқожаұлы, Н. Мал азықтандыруды ұйымдастыру және бақылау [текст]: Оқу құралы. - Алматы : Бастау, 2016. - 264 б. - ISBN 978-601-281-200-8
Омарқожаұлы, Н.Кормление и контроль качества кормов [Текст]: Справочное учебное пособие. - Алматы: Лантар Трейд, 2018. - 239 с. - ISBN 978-601-7975-14-2
Токарев В.С.Кормление животных с основами кормопроизводства: Учебное пособие. - М : ИНФРА-М, 2019. - 592. - ISBN 978-5-16-011198-8.
Қосымша әдебиттер: Омарқожаұлы, Н.Мал азығынын құрамы, қоректілігі мен сапасы [Текст] : оқу құралы. - Алматы : Лантар Трейд, 2019. - 79 б. - ISBN 978-601-7975-90-6
Омарқожаұлы, Н.Оценка питательности и качества кормов [Текст]: Учебно-методическое пособие. - Алматы :Лантар Трейд, 2018. - 87 с. - ISBN 978-601-7975-28-9
Омарқожаұлы, Н.Азыққоректілігі мен сапасынбағалау [Текст]: оқу құралы. - Алматы :Лантар Трейд, 2019. - 79 б. - ISBN 978-601-7975-89-0
Ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісі ресурстарының тізбесі Омарқожаұлы, Н. Мал азықтандыру пәнінің практикумы [Текст/Электронный ресурс] : оқу құралы. - Алматы : Лантар Трейд, 2018. - 159 б. - ISBN 978-601-7975-29-6http://library.atu.kz/files/47803.pdf
Омарқожаұлы, Н.Зоотехния [Текст/Электронный ресурс]: оқу құралы. - Алматы: Лантар Трейд, 2018. - 403 б. - ISBN 978-601-7975-15-9http://library.atu.kz/files/47799.pdf