Тақырыбы: «Суды коагуляциялау арқылы жарықтандыру коагулянттың тиімді дозасын анықтау»



бет4/7
Дата07.01.2022
өлшемі1,14 Mb.
#17496
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
су коагуляция

Суды тұндырған кезде қалқымалы бөлшектерден тазарту үшін су тұндырғышқа түскенге дейін оған тұндырғыш – коагулянттарды қосады. Ол үшін көбінесе алюминий (глинозем) қолданылады. Күкірт қышқылды глинозем қалқымалы заттарға екі түрлі әрекет етеді. Бұл реагенттің өзінің электрлік заряды оң, ал қалқымалы заттар теріс зарядталған. Әр аттас зарядтар өзара бір – біріне тартылып, бекінеді де тұнбаға түседі. Сонымен қатар коагулянттар ұлпа түзіп тұнбаға түскенде өздерімен бірге қалқымалы заттарды да ала шөгеді. Коагулянттарды қолданғанда су көптеген қалқымалы заттардан тазартады, бұндайда тұндыру мерзімі 3 – 4 сағатқа қысқартуға болады. Дегенмен, суды коагуляциялауда өте ұсақ заттар мен бактериялар қалып қояды, сондықтан суды құм сүзгіштерарқылы сүзуді қолданады. Сүзгіштерді (фильтрлерді) қолданғанда коагулянт ұлпасы мен қалқымалы бөлшектерден құмның бетінде қабықша (пленка) түзіледі. Бұл қабықша қалқымалы заттар мен бактерияларды ұстап қалады. Құм сүзгілер шамамен 80 % - ке жуық бактерияларды ұстап қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет