Тақырыбы: Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері. Жоспар Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы. Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері. Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық
Тақырыбы: Суспензиялар және ішуге арналған эмульсиялар. Дайындау әдістері.
Жоспар
1. Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы.
2.Суспензияның түзілу жағдайлары. Қасиеттері.
3.Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық.. Суспензия түзетін
дәрілік заттар.
4.Эмульгаторлардың сипаттамасы және жіктелуі.
5.Эмульсияға дәрiлiк заттарды енгiзу
6.Дәнді және майлы эмульсиялар.
7.Суспензиялардың және эмульсиялардың сапасын бағалау.
КІРІСПЕ Суспензия технологиясында қолданылатын дәрiлiк заттар гидрофобты және гидрофильдi болып бөлiнедi. Гидрофильдi-iсiнбейтiн заттарға: висмуттың негiзгi нитраты, ақ балшық, тальк, мырыш тотығы, магний тотығы, крахмал, кальций карбонаты, кальций глицерофосфаты жатады. Бұл заттар суда ерiмейдi, бiрақ сумен жеңiл шыланады. Сондықтан осы препараттармен суспензия дайындау кезiнде тұрақтандырғыштар қолданылмайды. Гидрофобты заттар - бетi сумен қиын шыланатын заттар. Олар: гидрофобты қасиеттерi айқын байқалатын және айқын байқалмайтын болып екi топқа бөлiнедi. Суспензияның түзiлу жағдайлары: дәрiлiк түр құрамына дисперстiк ортада ерiмейтiн заттар енгенде (күкiрт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б. - суспензия физикалық әдiспен дайындалады); егер дәрiлiк заттың мөлшерi ерiгiштiк шекарасынан асып кетсе, (суспензиялар физико-химиялық әдiспен дайындалады); ерiткiштi алмастырғанда суспензияның түзiлуi. (физико-химиялық әдiс); жеке еритiн дәрiлiк заттарды бiр дисперстiк ортада ерiткен кезде, әрекеттесiп ерiмейтiн қоспа түзiледi (химиялық әдiс). Суспензиялардың сапасын бағалау басқа сұйық дәрiлiк түрлер секiлдi, сыртқы түрi мен органолептiк қасиеттерi, дұрыс орамдалуы және безендiрiлуi бойынша жүргiзiледi. Сонымен қатар суспензияларға тән ерекше қасиеттерiн талдайды: бiркелкiлiгiн және ресуспендирлiгiн. Жалпы мөлшерiндегi ауытқулар қатты фазаның мөлшерiне байланысты анықталады.
1.Дәрілік түрдің сипаттамасы. Анықтамасы.Суспензия - сұйық дисперстiк ортада ерiмейтiн қатты дисперстiк фазадан тұратын iшуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогендi сұйық дәрiлiк түр.