Дүиеге келіуі
Қазақ халқының орыстардың буданы болып жатқанын көріп ашынуы, қол жинауы
Ерікпен қаза табыуы
ХАН КЕНЕ
Көрсетілген мәліметтер Қазақ хандары кітабынан (200 бет )
Жазба деректерде Кенесары есімі Кенесара, Кенесарый, Кениса- ры, Кинесары нұсқаларында кездеседі. 1802 ж. Қасым сұлтанның бәйбішесінен туған Абылай ханның немересі. Билік құрған уақы- Ты - 1841 ж. қыркүйегі мен 1847 ж. аралығы. Оның билігі Кіші жүз- дің Әлімұлы рулар бірлестігінің құрамындағы байбақты, шекті, шөмекей және жетірудың табын, тама тайпалары; Орта жүздің ар- ғын, найманның бағаналы, сарыжомарт рулары мен т.б. тайпалар; 1845 ж. бастап Ұлы жүздің сарыүйсін, дулат тайпаларының 5 мыңнан астам ауылдарын қамтыды. Билік аймағы Қазақстанның солтүстік- шығысы мен орталығы, Торғай өзенінің аумағы, Жетісудың бір бөлігі, Сырдария өзенінің төменгі және Ташкентке дейінгі орта ағы- сы, Аралманының солтүстік-шығысына таралды [Ерофеева, 1997. С. 94]. K a Жазба деректерден жинақталған бұл сараң мәліметтер кеңінен таратуды кажет етеді. Абылай ханның отыз ұлы болған, қалмақ ханы Қалдан-Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның кызы То- пыш ханымнан: Қамбар мен Қасым сұлтан туады. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Саржан, Есенгелді, Көшек, Аға- тай, Бопаймен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Қасым сұл- танның тоқалынан Кенесарының інісі Наурызбай дүниеге кел- ген. Кенесары Қасымұлы өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы- қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныккан, киындыкка төзімді болып тәрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей мінезі жетерлік
Кенесары Қасымұлы 1837 жылғы желтоқсанда I Николай патшаның өзіне осындай мазмұнда хат жазған. Ол өзінің Ресей патшасына жолдаған алғашқы хаттарының бірінде тіпті, императорды атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт қатынасқа және шекара есебінде қабылданған межеге қайта оралуға шақырады. «... Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта, - деп жазады Кенесары император | Николай патшаға, халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оған басқа да түрлі таршылықтар жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш рахатты өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын», - деп жазған