Тақырыбы: tcp/ip хаттамалар



бет2/3
Дата11.01.2023
өлшемі30,06 Kb.
#60970
1   2   3
Байланысты:
TCP

UDP хабарларын беру хаттамасы.
UDP (User Datagram Protocol) хаттамасы TCP хаттамасына қарағанда өте қарапайым транспорттық хаттама болып келеді. UDP хаттамасы дейтаграмманы жеткізіп беруді қамтамасыз етеді, бірақ оларды дәлелдер алуды талап етпейді. 
UDP хаттамасы мәліметтерді қосылуларды орнатусыз – ақ жеткізіп беру талап етілген жағдайларда пайдаланады. Мұндай байланыс негізінде сенімсіз, өйткені оның хабарлары дұрыс қабылданды ма және ол ол тіпті алындыма, сол туралы жіберушіге хабарланбайды. Қателердің туындауын тексеру үшін пакеттің бақылау сомасы пайдаланылады, бірақ қателіктер ешқандай өңделінбейді – олар немесе жойылады немесе олардың өңделінуі өте жоғары қолданбалы деңгейде орындалады. 
UDP арқылы қолданбалы процеспен жіберілетін мәліметтер бөлшектерге бөлінбей, белгіленген орынға бір бүтін секілді жетеді. Мысалы, егер жіберуші – процесс порт арқылы бес хабарлама берсе, онда алушы – процесс порттан бес хабарды есептеуі қажет. Әрбір жазылған хабарлар көлемі әрбір оқылғандардың көлемімен сәйкес келуі қажет. 
UDP хаттамасы мәліметтерді берудің қарапайым механизмі қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Сонда қате бақылауы немесе орындалмайды (мысалы, TFTP - Trivial File Transfer Protocol – қолданбалы хаттамасы – файлдарды берудің қарапайым хаттамасы) немесе қолданбалы деңгейде орындалады (мысалы, SNMP - Simple Network Management Protocol басқарушы хаттамасында немесе NFS - Network File System файлдық жүйеде пайдаланады).
Транспорттық хаттама негізінде мәліметтермен алмасу бағдарламасы.
TCP тек төменде жатқан деңгейдің хаттамаларымен ғана емес, сонымен қатар қолданбалы деңгейдің хаттамаларымен және қосалқы анықтауышымен де өзара әрекеттесуі қажет. Қолданбалы деңгеймен байланыс сервистік қарапайымдар жинағы көмегімен жүзеге асырылады. Сервистік қарапайымдар хаттама стандартында анықталынады, ал қолданбалы бағдарлама үшін олар сокеттермен жұмыс кітапханасы формасында жеткілікті. 
Қосылуларды орнықтыру кезінде жақтардың немесе тараптардың әрбірі ашық қосылулар деп аталатын кейбір операцияларды орындайды. Ашықтар пассивті немесе активті болуы мүмкін. Ереже юойынша жақтардың бірі қосылулардың активтік ашылуын, ал екіншісі – пассивтік ашылуын жүргізеді, сонда қосылулар орындалады. Екі режимдер де нақты ережеге бағынады. Пассивтік қосылуларды кейде серверлік деп, ал активтікті – клиенттік деп атайды.
Активтік қосылулар кезінде қолданбалы деңгейдегі процесс ТСР – дің бағдарламалық қамсыздандырылуын сол ЭЕМ – ге сұраныстың сервистік қарапайымдылығына сокет номерімен қосылуды орнатуға береді. Содан кейін ТСР алушыға қосылуды орнатуға сұраныс жібереді және жауабын күтеді. Қосылулар орындалғаннан кейін активтік пройесс (клиент) мәліметтердің берілуін және қабылдануын ынталандырады. 
Пассивтік қосылулар кезінде қолданбалы бағдарлама ТСР – дің бағдарламалық қамсыздандыруын жойылған жүйеден қосылуға сұранысты күту режиміне ауыстырады. Сұраныс қашан келіп түссе, ТСР – дің бағдарламалық қамсыздандырылуы қосылуды орнатуды жүзеге асырады, содан кейін пассивтік процесс (сервер) мәліметтерді қабылдауға және беруге дайын болады. 
Сокеттердің бағдарламалық интерфейсі ОЖ UNIX үшін жасақталынды. Бұл интерфейсті сақтап тұрушы функция кітапханасы UNIX және LINUX типті барлық ОЖ ядроларына кіреді. Дегенмен бұл бағдарламалық интерфейстермен жұмыс принциптері TCP/IP сақтап тұрушы жұмыс принциптері TCP/IP сақтап тұрушы. 
ОЖ – тің көпшіліктеріәнде қолданылады. ТСР хаттамасы үшін пассивтік (сервер жағында) қосылулар сокетпен бірге келесі функцияларды орындалуға әкеледі: 
- Сокет жасау және оны (ОЖ – те UNIX типінде socket функциясында) типінде орнату; 
- Нақты бір қосылуға сокетті ретке келтіру (порттың адресін және номерін көрсетеді – ОЖ – те UNIX типті функция bind); 
- Коиенттердің кезегін жасау (ОЖ – те UNIX типті функция listen); 
- Сокетпен қосуға келетін сұранысты күту (ОЖ – те UNIX типті функция accept); 
- Клиентпен мәліметті қабылдау және беру (ОЖ – те UNIX типті – функциялары read, write, send, recv және олардың модификациялары); 
- Коиентпен жабық қосылулар (ОЖ – те UNIX типті – функция close); 
Қосылуға ендіруші сұраныс алып сервер бір уақытта екі есептерді шешуі қажет: қолданбалы хаттамамен сәйкес қосылуды коиентпен орнатуды қамтамасыз ету (мәліметтерді клиентке беру және қабылдау) және басқа клиенттерден қосылуға жаңа сұраныстардың келіп түсуін күту. Әдетте дамыған ОЖ – те бұл проблема бірнеше процестердің параллельдік орындалу мүмкіндігінің арқасында шешіледі. ОЖ – те UNIX типінде жаңа процесті жасау fork фуекциясының көмегімен шешіледі, бұл кезде жаңадан құрылған процеспен негізгі процесте жасалынған барлық қосымшалар сақталынады. 
ТСР хаттамасы үшін сокетпен активтік (клиенттер жағында) қосылулар келесі функциялардың орындалуына әкеледі: 
- сокет жасау және оның типін анықтау (ОЖ – те UNIX типте функция socket); 
- сервермен қосылуды орнату (порттың адресімен номерін көрсетеді – ОЖ – те UNIX типті функция connect); 
- мәліметтерді қабылдау және беру (ОЖ – та UNIX типті – функциялар read, write, send, recv және олардың модификациялары); сервермен қосылудың жабылуы (ОЖ – де UNIX типті – функция close);
Жұмыстың жүргізу тәртібі: 
1) Мұғаліммен тапсырма вариантын алы; 
2) Тапсырмаға сәйкес қолданбалы бағдарламаны жасақтау
3) Есепті дайындау және қорғау; 
4) ЭЕМ – ге бағдарламаны жазу және реттеу; 
5) Оқытушыға жұмыс жасап тұрған бағдарламаны тапсыру;
Жұмыс бойынша есепті рәсімдеу: 
1. Берілген хаттама негізінде сыртқы дүниемен қолданбалы бағдарламаның өзара әрекеттесу алгоритмін жазу; 
2. Пайдаланатын кластардың тізімі, олардың қасиеттері және ОЖ функциясы немесе өзара әрекеттесу хаттамасын ұйымдастыру үшін жасақтау ортасы;
Өзіндік тексеру үшін сұрақтар: 
1) Интернет делісінде ТСР – дің транспорттық хаттамасы қандай роль атқарады? Транспорттық деңгейдегі хаттамалардың белгіленуі туралы айтып ьерің. 
2) ТСР хаттамасы бойынша Интернет желісінде хабарларды беру қалай жүретінін айтып берің. 
3) Жылжымалы терезе дегеніміз не? Хабарлар сегменттерінің жылжымалы терезесінен ТСР хаттамасының жұмыс принциптері туралы айтып берің. 
4) Сокет дегеніміз не? ТСР хаттамасының қандай параметрлері әрбір қосылысты бір мағынада теңестіруге мүмкіндік береді. 
5) Интернет желісінде қолданбалы бағдарламасы үшін қандай принципте порт номерлері таңдалынады. Желінің ең көп тұтынылатын қолданбалы қызметінің порттарының номерлерін атаңдар. 
6) ТСР хаттамасы бойынша екі ЭЕМ арасындағы қосылу кезінде жіберушінің және алушының порттарының номерлерінің бір – біріне сәйкес келтіндігін түсіндірің. Порттарды мультипликсерлеу дегеніміз не? 
7) UDP хабарларын берудің хаттамасының жұмыс принциптері туралы айтып берің. Оның ТСР хаттамасынан айырмашылығы неде? 
8) Рing и traceroute утилиттері қандай мақсаттар үшін қызмет етеді? Олардың жұмыс принциптер туралы айтып берің. 
9) Активтік және пассивтік қосылыстар дегеніміз не? Олардың айырмашылығы неде? 
10) Пассивтік қосылуларды орнату үшін әрекеттің қандай типтік тізбектелуін орындауды айтып ьерің. 
11) ОЖ астында UNIX типінде КІТАПХАНАДА СОКЕТПЕН ЖҰМЫС ФУНКЦИЯСЫ ҚАЛАЙ ТАРАЛҒАН? 
12) Borland және Microsoft жасау ортасында сокетпен жұмыс функциясын таратады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет