ДӘРІС №1
5.1. ТАҚЫРЫБЫ: Аналитикалық химия және химиялық талдау. Аналитикалық реакцияның сезгіштігі. Ерітіндінің иондық күші. Активтік концентрация және активтік коэффициент
5.2. МАҚСАТЫ:Аналитикалық химия пәнінің негізгі түсініктерімен, әдістерімен, қарастыратын мәселелерімен танысу.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. Аналитикалық химия пәні және оның ғылым ретіндегі міндеттері
2. Аналитикалық реакциялардың сезгіштігі.
3. Электролит теориясының негізгі қағидалары: жалпы және активтік концентрация, ерітіндінің иондық күші, активтік, активтік коэффициент
5.3. ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1. Аналитикалық химия – зерттелетін заттың құрамын және оның құрамына кіретін элементарлық бөлшектерді (атомдарды, иондарды, молекулаларды) сапалық және сандық түрде анықтайтын жалпы химия ғылымының бір тарауы.
Аналитикалық химияда қолданатын заңдар:
• Д.И.Менделеевтің заңы;
• зат массасының сақталу заңы;
• әрекеттесуші массалар заңы;
• эквиваленттер заңы.
Ғылым ретінде аналитикалық химияның қарастыратын мәселелері:
1. Аналитикалық қасиеттерді және аналитикалық реакцияларды зерттеу және іздеу.
2. Заттың құрылысы мен аналитикалық қасиеттері арасындағы өзара байланысты зерделеу.
3. Заттарды бөлу әдістерін өңдеу.
4. Аналитикалық қасиеттері мен бөлу әдістеріне негізделген химиялық талдау әдістерін құру.
Фармацевтер үшін осы салалардың ішіндегі ең маңыздысы фармацевтикалық талдау – фармацевтикалық өндіріс дайындаған дәрілердің сапасын анықтау. Аналитикалық химия Мемлекеттік стандарттарды (ГОСТ-ы) дайындауға ғылыми негіз болып табылады. ГОСТ дегеніміз кез келген өндірістің өнімдері мен шикізаттарының сапасына қойылатын белгілі бір талап. ГОСТ әрбір кәсіпорын үшін заң. Фармацияда дәрі-дәрмектер мен препараттар үшін бұл заң жиыны Мемлекеттік Фармакопея болып табылады. Мемлекеттік Фармакопея үнемі жетілдіріліп отырады, жаңа дәрілердің сипаттамалары мен оларды талдау әдістеріне - жаңа баптар енгізіліп, қайта қаралып отырады.
2. Аналитикалық реакцияның сезгіштігі ерітіндідегі анықтайтын заттың ең аз мөлшерімен сипатталады.
Белгілі бір реакцияда анықтайтын зат мөлшері неғұрлым аз болса, оның сезгіштігі соғұрылым жоғары болады.
Реакцияның сезгіштігі реакцияның жүру жағдайына (рН, tº, еріткіш табиғатына т.б) тәуелді және ол белгілі бір жағдайда ғана тұрақты шама.
Реакцияның сезгіштігі өзара байланысты төрт шамамен сипатталады.
1) Ашу шегі – m (мкг). Шекті сұйылтылған ерітіндінің ең кіші көлеміндегі анықталатын ионның ең аз мөлшері (1 г = 106 мкг).
2) Минималды көлем – Vmin (мл). Ионды ашуға мүмкіндік беретін шекті сұйылтылған ерітіндінің ең кіші көлемі.
3) Шекті концентрация - Сlim (г/мл). Анықтауға мүмкіндік туғызатын шекті сұйылтылған ерітіндіегі заттың ең аз концентрациясы.
4) Шекті сұйылту - Vlim (мл/г). Құрамында 1 г еріген зат бар концентрациясы шекті ерітіндінің көлемі. Шекті сұйылту шекті концентрацияға кері шама. .
Vlim -------- 106 мкг
Vmin ------- m, мкг (ашу шегі) немесе
3. Заттарды талдауда қолданаылатын электролиттер теориясы
Электролиттер жіктеледі:
• күшті, немесе 30 %; т.б.
• әлсіз – немесе 30 %;
Әлсіз электролиттердің күші диссоциялану константасымен анықталады-К, диссоциялану константасының мәні неғұрлым кіші болса, соғұрлым электролит әлсіз болады.
Мысалы: ,
ең әлсізі HCN қышқылы.
Күшті электролит ерітіндісінде иондардыңэлектростатикалық күш арқылы өзара әсерлесуін иондық күш сипаттайды.
Иондық күшті –I немесе μәрпімен белгілейді, өлшемсіз шама.
Ерітіндінің иондық күші тәуелді:
● электролиттің табиғатына мен концентрациясына;
● ионның зарядына.
, мұндағы
ионның ерітіндідегі молярлық концентрациясы;
ион заряды.
Күшті электролиттер суда толық ионданады.Электролит ерітіндісінде әрбір ион өзіне қарама-қарсы иондарды тарту арқылы шоғырланып, иондық атмосфера түзеді.
Иондық атмосфера иондардың еркін қозғалысын тежейді, ерітіндідегі иондардың әрекеттескен концентрациясы олардың ерітіндідегі нағыз концентрациясынан кем болады. Содықтан иондық атмосфера әсерін көрсету үшін активті концентрация-ұғымы енгізіледі.
а- активті концентрация, өлшем бірлігі моль/л.
Активті концентрация иондардың шартты концентрациясы, ол күшті электролиттің нағыз концентрациясына тура пропорционал:
a = f * c;
f –активтік коэффициент.
Активтілік коэффициент пен ерітіндінің иондық күші арасындағы байланысты
Дебай-Хюккель теңдеуімен көрсетеді:
Достарыңызбен бөлісу: |