Тақырыбы: Тәңірлік дәуір әдебиетінің ерекшелігі және оны оқытудың маңызы



Дата25.04.2023
өлшемі27,7 Kb.
#86532

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



ЭССЕ
Тақырыбы:Тәңірлік дәуір әдебиетінің ерекшелігі және оны оқытудың маңызы.

Орындаған:Оразалы Айбике
Қабылдаған:Сағындық.Н


Қазақ әдебиетінің тарихын түптен тартып түгендеуге, зерттеуге, жазысуға ат салысқан қазақ ғалымдары аз болған жоқ. Әсіресе туған әдебиетіміздің туын көтерген Алаш арыстары осынау игі мақсат жолында аянбай еңбек етті, тер төкті. Бірақ бірнеше буын, қазақ жастары, соның ішінде бүгінгі аға жасына жеткен тұтас ұрпақ та өткен ғасырдың 90-шы жылдарына дейін оларды оқи алмадық. Қызыл империя, партиялық саясат олардың еңбектерін қолға ұстамақ түгілі, жазықсыз жапа шеккен арыстардың аттарын да тұмшалап, ұлт санасынан біржолата өшіріп, жойып тастауды мақсат етті. Осы тұста қазақтың қайсар ғалымы, ұлы ұстаз, профессор Бейсекең, Бейсембай Кенжебаевтың басшылығымен 1960-шы жылдардың басында біршоғыр әдебиеттанушы ғалымдар қазақ әдебиетінің көне тарихын зерттеуге бел буды. Әдебиеттану ғылымында сол кездің өзінде таныла бастаған, қолынан іс келетін дарынды шәкірттері Мырзатай Жолдасбековті, Мұхтар Мағауинді, Алма Қыраубаеваны, Бейсекең ежелгі дәуір, түркілік кезең және Алтын орда дәуіріндегі әдеби мұралардың тың жатқан мәселелерін зерттеуге бастап алып келді. Осынау көштің бел ортасында аса зерек, табанды ғалым Немат Келімбетов ағамызға сол кездің өзінде зерттеуге екінің бірі жүрегі дауалап бара бермейтін, шығысшыл, діни, керітартпа ақын саналған Шәді төре Жәңгірұлын тақырып етіп беріп кандидаттық еңбек қорғатты. Міне, содан берідегі қырық жылға жуық мерзімде ежелгі әдеби жәдігерліктерді, ислам әдебиетінің құндылықтарын, ислам өркенитетін тұтас ауқымда алып, соларды тынбай зерттеумен, жинастырумен, жариялаумен ғұмыр кешкен ағамыздың еңбегін ерлікке балар едік. Байтақ еліміздің күллі жоғарғы оқу орындарындағы филология факультетінің студенттері бүгінгі күнге дейін профессор Немат Келімбетовтің «Ежелгі дәуір әдебиеті» атты оқулығын қолынан тастаған емес. Қазіргі уақытты бізде Келімбетовтың осы еңбегі арқылы көптеген мәліметтермен танысудамыз. Ғұлама ғалым Немат Келімбетов сан ғасырларды көктей өтіп, бүгінгі күнге тарихи-көркемдік маңызын төмендетпей жеткен, уақыт сынынан өткен әдеби мұраларымызды терең, арна-арнамен қарастыра отырып, кезең-кезеңге бөліп зерттеген. Еңбектің бірінші тарауын «Тәңірлік дәуір әдебиеті» деп атап,біршама туындыларды енгізеді. Мысалға:«Сақтардың қаһармандық дастандары», «Алып Ер Тоңға» дастаны, «Шу» дастаны, «Ғұндардың батырлық жырлары», «Оғыз-қаған» дастаны, «Аттилла» дастаны, «Көк бөрі» дастаны, «Ергенекон» дастаны, Көк түріктердің ерлігі туралы «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт ата кітабы», «Авеста-қасиетті жазбалар жинағы». Еңбектің екінші тарауын «Ислам дәуірі әдебиеті» деп атап, келесі туындыларды енгізеді: «Этикалық-дидактикалық поэзия», «Әбу Наср әл-Фараби», «Орта ғасыр ғалымдарының Әл Фараби туралы ой-пікірлері», «Махмұт Қашқари. «Диуани лұғат ат-түрік», «Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн. «Құтадғу біліг», «Ахмет Йүгінеки. «Хибатул-хақайық», «Қожа Ахмет Йассауи. «Диуани хикмет», «Мират-ул Кулуб», «Сүлеймен Бақырғани. «Бақырғани кітабы».Осы тұста тәңірлік дәуір әдебиетіне нақты тоқталып өтсем, ең алдымен «Алып ер Тұңға» дастаны – б.з.д. VІІ ғасыр мұрасы. Алып ер Тұңға – өте көне заманда өмір сүрген түркілердің көсемі.Орхон ескерткіштері – Түркі қағанатының тәуелсіздігі, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу негізінде туған. Олар: Түркі қағанатының негізін құраған Бұмын қаған, Елтеріс қаған, Елтерістің ақылшы, кеңесшісі Тонұқұқ жырау, әкесі Елтеріс өлгеннен соң жиырма төрт жылдан кейін таққа отырған Білге қаған, әскербасы Күлтегін. Орхон ескерткіштері – осы тарихи тұлғаларға арнап тасқа қашалып жазылған әдеби мұралар. Жырда түркі халқының тауғаштарға – қытайға қараған түркі тайпаларына – тәуелді болу себебі ел ішінде береке-бірліктің болмауынан екені баса айтылған. «Оғызнама» дастаны – ІХ ғасырда Жетісу, Сыр өңіріне кеңінен тараған, қырықтан астам хикаядан тұратын түркі халықтарына ортақ туынды. Дастанның негізгі кейіпкері – Оғыз, оның анасы – Айқаған, Оғыздың ақылшысы – Ұлық Түрік, Оғыздың балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. «Оғызнаманың» ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж кітапханасында сақтаулы. «Оғызнама» дастанының негізгі идеясы – түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. «Оғызнама» дастанының өзіндік ерекшелігі – мифологиялық суреттердің мол кездесуі болып табылады.Келесі Қорқыт ата кітабына тоқталсам Қорқыт – ҮІІІ ғасырда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы. Қорқыт айтқан жырлар ХҮ ғасырда қара сөзбен хатқа түскен.Қорқыт ата жырының басты маңызы нақыл сөздері яғни жырдың басты ерекшелігі де осында жалпы адам баласына тәрбие,адамшылдық тұрғысында нақыл сөздер айтылған мысалға: Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес деген секілді көптеген нақыл сөздері бар бұлар адамды көрегендікке тәрбиелейді.Жалпы тәңірлік дәуір әдебиетіне тек осы аталған жырлар ғана емес сақтардың жырдарын,Атилла дастанын т.б жырдарды жатқызуымызға болады. Бұл әдебиеттін басты ерекшелігі әрі маңызы даналыққа,парасаттылыққа,адамгершілікке тәрбиелейді яғни жырды оқып білудің маңызы зор. Қорыта айтқанда, тәңірлік дәуір әдебиеті – мазмұны мен түрі жағынан да, тілі мен көркемдету құралдары жағынан да ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем туындылардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет