Тақырыбы: Тәрбие әдістері


Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама



бет2/2
Дата19.10.2022
өлшемі19,25 Kb.
#44192
1   2
Байланысты:
реф пед боташка (1)

Тәрбие әдістері мен тәсілдеріне сипаттама.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңыда 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В. А. Сластенин т.б.60- жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде “Советская педагогика” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
Тәрбие әдістерін жіктеу.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ- тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап – мінез-құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс- әрекеті, процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу пікірталас, лекциялар, өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің , еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық оқу құралдарында жақсы жазылады.
Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленуші іс — әрекеттінде және мінез – құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау – баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді.
Сонымен, Санкт – Петербург педагогикалық институтның ғалымдары жасаған тәбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. Бірақ бұл екі ұғым тығыз бірлікте қалыптасуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет