II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.Тәрбиемақсаты
2.1.Тәрбие түрлері
III.ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі. Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық орындардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.
Білім мен тәрбие қашан да егіз ұғым. Білім алушы шәкірттеріміздің жан – жақты дамыған, ақыл – ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін, адамгершілік қасиеттермен қаруланған жеке тұлға қалыптастыру. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының бала тәрбиесі мен оның жан – жақты дамуына отбасы мен жанұяның, мектептің ынтымақтастығын арттыра отырып, ата – аналарға, оқушыларға оқу – тәрбие үдерісінің мазмұны мен әдістемесін таныстыру. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында,белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттерді орындау 8 бағыттан тұрады.
Тәрбие бағыттары
Рухани-адамгершілік тәрбие
Ұлттық тәрбие
Отбасы тәрбиесі
Патриотизм және азаматтық тәрбие,құқықтық тәрбие
Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты
Зияткерлік тәрбие,Ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие
Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету, балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Рухани –адамгершілік тәрбие
Мақсат:өз міндеттерін түсінетін және қабылдайтын; өмірді және өзін, өзінің әрекеттерін рухани- адамгершілік тәртіп нормалары көзқарасынан дұрыс бағалайтын тұтас тұлғаны тәрбиелеу; рухани- адамгершілік өзін- өзі дамыту, өзін-өзі жүзеге асыру және өзіндік жетілуі үшін өзін, өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін тану.