Тақырыбы: «Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру жолдары» Орындаған



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі49,69 Kb.
#19711
1   2   3   4   5
Байланысты:
тәрбиедегі мінез құлық әдеттерін қалыптастыру жолдары (копия)

Курстық жұмыстың өзектілігі:Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің еңбектері мен философиялық, психологиялық, ой-талғам толғаныстарынан, өлеңдері мен қара сөздерінің жалпы адамзаттық қадір-қасиет пен адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлген.Қазіргі уақытта М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиевтің дана ойлары халықтың адамгершілік тәрбиесі мен балалардың тәрбиесіне үлес қосатын таптырмас қазына-мұра.Оқушылардың мәдени мінез-құлқы мен адамгершілік тәрбие беру мәселелерін ұлы педагогтар Н.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Я.А.Коменский, О.С.Богданова қарастырған. Әл-Фараби бабамыз білім мен тәрбиенің бір еместігін айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды.Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет