Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу базасы: БҚО, Казталов ауданы, Көктерек ОЖББ мектебі
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-бөлім. Жасөспірімнің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру
Адамның тұрақты психикалық ерекшеліктер жиынтығының бірі –мінез-құлық. Мінез-құлық бұл-тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі–тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністерін береді. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «Бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерді сіңіру тәрбиеге, өскен ортасына байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының — ұстаны жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қанар» деп тәлім –тәрбие, оқу-білім мәселесіне үлкен көңіл бөлген.
Адамға деген құрмет сезімін тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет туралы да ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды жаман ықпалдардан сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын сөйлескенде, арада достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет.
Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс. Жасөспірімдерде мінез-құлық мәдениетін қалыптасттыру мәселесіне аса көңіл қойып, онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына әсер еткендігі жайында баса айтқан ғалымдар: Л.Керімов, Б.Айтмамбетова, А.Бейсенбаева, Р.Нұргалиева, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Н.Д.Хмель т.б. болды.
Адамгершілік тәрбиесінің ең көп тараған формасы – этикалық әңгіме, пікірталас, дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т.б. этикалық әңгімелерді адамгершіліктің кез-келген қағидасы бойынша жүргізуге болады. Оқушыларды жақсы мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі, жақсы әдеттері, қолдай отырып, оған қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы қажет. Адамдар арасындағы этикалық қарым-қатынас, жақсы мінез-құлық, үздіксіз тәрбиенің, өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп қалыптасатын қасиет.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктерінің бірі – мінез-құлық мәдениеті болғандықтан, жасөспірімдерден адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, осы мәселеге көңіл бөлінеді.
Қазіргі қоғамдары мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әлеуметтік негіздері өткен ғасырдағы негіздерден принципті түрде өзгеше және олар адамның тілектестік, қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық және ұжымшылдық сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға сүйенеді.
Біздің адамгершілік тұтасымен және оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мінез-құлық мәдениеті түрлі формада жататын қызу күрестің алаңы болып табылады. Бізге жат адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз бояушы елгезектікті жамылады. Сонымен қатар, екінші жағынан, өзімізбен бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, ықылассыз болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз. Мұнда адамның қоғамдық мәні мен оның көріну формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам не көпшілік қабылдаған мәдени мінез-құлық нормаларын менсінбейді, ие оның мұндай мінез-құлық дағдылары әлі де толық қалыптаспаған.
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет. Мектеп оқушыларын адамгершілік мінез-құлыққа үйретуді оқта-текте қолға алу тұрақты нәтижелер бермейді.
Мінез-құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен. Бұл үнемі сананың бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды. Көптеген мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп қалыс екенін, оларға жүргізілген бақылаулар көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар жүйелі үйретумен қол жеткізеді. Бұл үшін мектеп өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік қатынастардың тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде жаттығуға мүмкіндігі мол болатындай етіп ұйымдастырылған болуға тиіс. Істелген қылықтың мазмұны әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі тиіс. Оқушылармен жұмыс процесінде жоспарлы түрде мәдени мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және жоғары сыныптарда мұндай жаттығулар біршама сиреу қолданылады.
Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс.
Жас ұрпақтың елінің азаматы болып, тұлға болып қалыптасуының түп тамыры тәрбиеден басталады. Еліміздің болашағы әрине, ол келешек ұрпақ екені сөзсіз. Ендеше бүгінгі таңда жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру негізгі мәселелердің бірі болып отыр.«Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғыруы, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі…» дейді, Ж.Аймауытов. Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген. Тәрбие ең бірінші отбасынан басталатыны белгілі. Бұл үлкен тәрбиенің бастауы. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ, міндеті бір. Сондықтан, ұстаздар мен ата-аналар арасындағы байланыс неғұрлым тығыз болса, оң нәтижеге қол жеткізуге болады.Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаттарына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты тәрбиелеу, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру жатады. Сонымен қатар, тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру маңызды.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ, ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату қажет.Ең бастысы бірыңғай тәрбие кеңістігінде болған бала өзін қолайлырақ, сенімдірек сезінеді, нәтижесінде оқуы жақсарады, үлкендермен және құрдастарымен түсініспеушілігі азаяды.Отбасы мен мектептің коммерциялық емес ұйымдармен серіктестігін ұйымдастыру және заңнамалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды өңдеу және жұмыс барысын дамыту, келіссөз жүргізуіне көмек көрсету. Бақытты адам тәрбиелеп шығару. Отбасы мен мектеп – балалар құқығын қорғау және қамтамасыз ету бойынша тең құқылы серіктестер. Оқушы жетістігінің портфелін қалыптастыру және оның оқу уәждемесіне қолдау көрсетудегі отбасы мен мектептің әрекеттері. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасын талқылау және жүзеге асыру ісіне ата-аналар қоғамдастығын тарту түрлері мен әдістері. Балалар, жастар, отбасы мен әйелдерге байланысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды ақпараттық қамтамасыз ету. Баланы асырап алу және отбасына берілу жағдайындағы әлеуметтік-психологиялық, мәдени және рухани-адамгершілік проблемалары. Отбасының, мектептің, қоғамдастықтың оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімді және бірыңғай болуына ата-аналар мен жалпы әлеуметтің ортақ педагогикалық әсері. Отбасымен жұмыс жасау бойынша білім берушілік және кешенді бағдарлама жасау бойынша жұмыс тәжірибесінен. Сапалы білім алу үшін серіктесе басқару және жүзеге асыру жағдайы – ата-аналар кеңесі жұмысының мақсаты ретінде. Отбасы мен мектепке қолдау көрсету әлеуметтік бағдарламасын жоспарлауда қоғамдық ұйымдар қызметін белсендірек ете түсу. Отбасының өнегелі және шынайы портреттері. Отбасылық тәрбиенің өзекті проблемалары және оларды шешу жолдары.
Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негізі
Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар — қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар — тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».Адамның адамгершілік қасиеті өте жас көзінен бастап-ақ қалыптаса бастайды. Адамгершіліктің негізгі бір тұрі әділеттілік, шыншылдық болса, бұл жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына, ата-апаның балаға қойған талабына байланысты. А.С.Макаренко балаларда моральдық қасиетті қай уақыттан бастап тәрбиелеу керек деген сұраққа: мүмкіндігінше неғұрлым ертерек бастау керек» — деген болатын. Бала тәрбиелеу уақыт күттірмейтін негізгі мәселе болғандықтан, оны жүйелі, саналы тұрде белгілі жоспармен орындап отырған жөн. Бала тәрбиесі -күрделі процесс. Баланы тәрбиелеуден бұрын тәрбиелеушінің өзі тәрбиеленген болу керек. Бала жанұядағы алған тәлім-тәрбиесін, мектептен ұққан өнер-білімін өмір мектебінде сынап көреді.Кейбір кезеңдерде жанұя тәрбиесі нашар болған жағдайда өмір мектебінің өзі-ақ адамды тезге салады. Қазақтың «қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деуі өмір мектебіне жолдаған жалдамасының бір көрінісі. Өмір мектебі деген ұғым мазмұны жағынан өте кең, шалғайлы ұғым. Бұған адамның төңірегіндегі ортаның да, атқаратын қызметі де, қоғамдық қатынастырдың ісері де жатады. Әрине, ел болғансын кемістіксіз жағдайлар болмай қоймайды. Баланың адамгершілік сезіміне қайшы келетін жәйттерді де өмір мектебінен кездестіреміз. Бұндай жағдайда баланы жарамсыз жағдайлардын аулақ ұстаған жөн болады. Баланың адамгершілік қатынастыар тума қасиеттке ие болмастан, объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерінен қалыптасады. Шынайы, ізгі қасиеттер жанұя мен мектеп тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына, өмір мектебінің тиімді әсер етуіне байланысты туады. Керісінше, жалған, әдепсіз қатынастар өз уақытысында бала тәрбиесін естен шығарып, ал ересек болғаннан кейін қайта тәрбиелеуге әрекет еткенмен де оған шамасы келмей., қиындыққа душар болатын жағдайларды кезедесетіндігі байқалады.
1.2 Тәрбиедегі мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері
Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз. Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар — тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.
Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.
Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар — қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті бірінші, екінші сынып оқушылары мұғалімнің айтқанын өз ата- аналарының айтқандарынан да артық көреді. «Ия, бізге апай былай деген», «Біздің апай осылай үйреткен» деген сияқты сөздерді шын ықыласпен айтады. Демек оқушылардың мінез-құлқын тәрбиелеуде мұғалімнің білімділігі, мәдениеттілігі, ұстамдылығы, тапқырлығы, байсалдылығы ең негізгі фактор болып саналады. Барлық мұғалімдер шәкірттердің аңсаған арманынан шыға бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақ беруде оқұлықтағы материалдардың көлемінен ұзап кете алмайды. Ондай мұғалімдер оқушылардың түсінбей қойған сұрақтарына жауап берудің орнына, «Осыны да білмейсің бе», «Басыңмен неге ойламайсың» деп жекіріп тастайды да, баланың білімге құмарлығын тежейді. Осыдан барып оқушылардың оқуға деген ынтасы темендей бастайды. Өйткені мінез тұйық, жасық оқушы мұғалім тарапынан көңілге кір келтіретін жекіру сезін немесе эділетсіз айыптау әрекетін байқаса, біліп тұрған нәрсесін айтқысы да келмей қалады. Ал осындай жағдай жақсы оқитын қайсар, ожар мінезді балаға әсер етсе, ол сабаққа салқын қарап, тәртіпсіздер қатарына қосылуы мүмкін.Баланың мінез-құлқын тәрбиелеуде ең негізгі көңіл аударарлық мәселе — адалдықты, шыншылдықты, сыйластықты қалыптастыру. Әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана балага болсын, басқаға болсын, айтқан сөзіне, жасаған әрекетіне, қимылына аса жауапкершілікпен қарауы керек. Сонымен бірге олардың кішіпейілділігі, адамгершілігі баланы адалдық пен шындыққа бағыттайды.Баланы тәрбиелеу тек сөз, ақыл айту арқылы ғана емес, әрбір ересек ісінің қимылынан, іс-әрекетінен, қызметінен байқалып тұрған жөн. С.Макаренконың «балаға тәрбие беру үшін тек үгіт пен ақыл жеткіліксіз. Егер сіз өзіңіз мақтаншақ болсаңыз, жолдасыңызды сөксеңіз, сіздің балаға айтқан үгітіңіз, ақылыңыз түкке де керек емес» — деген сөздерін әсте естен шығармау керек.Бала мінезі көпшілік жағдайда әке-шешесінің мінөзіне өте ұқсас келеді. Осы жағдайға қарап кейбір ата-аналар мінез тума қасиетке ие емес іе екен деген ойға келеді.Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды.Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестержаттын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент -адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Мектепте балаларға қойылған талаптар ата-аналар тарапынан құпталып, оның орындалуына жәрдем беріліп отырса, олардың іскерлігі де арта түседі. Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың оқуға ынталылығы, үғынуы, жалпы сабаққа қатынасы бірдей бола бермейді. Әрбір оқушының өзіндік мінез ерекшелігі, сыртқы дүниеге қатынасы, қимыл-әрекеті болатындығы белгілі.
Міне, соған орай оқушылардың мінез ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан талдау да олардың оқу-тәрбие жұмысындағы ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу кезеңдерін түсінуге жәрдем етеді.Мектептегі оқыту-тәрбие процесінің жақсы жолға қойылуы, жоспарлы жүргізілуі де балалардың мінез ерекшіліктеріне әсер етеді. Шәкіртке ғылымның негізін үйретумен бірге біз олардың дүние танымын, ақыл-ой әрекетін, творчестволық ізденуін, қабілеті мен дарындылығын дамытамыз. Әрине, бұл жәйттерді оқушыларға толық жеткізу әрбір мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, материалды жан-жақты толық қамтуына, көрнекі және техникалық құралдарды дұрыс пайдалануына байланысты. Міне, сондықтан біз мұғалімнің педагогикалық процестің негізгі тұлғасы деп санаймыз. Мұғалім әрекеті мазмұны жағынан оқушылар әрекетімен органикалық байланысқанда ғана тәрбие тиімді де Нәтижелі болады. Бір сыныптың өзінде мұғалімдердің сабақ беру тәжірибесіне қарай сабақ үстіндегі шәкірттердің мінез ерекшеліктері кейде олай, кейде бұлай болып құбылып отыратыны педагогикалық тәжірибеден белгілі. Сабақ қызықты, шеберлікпен өткен жағдайда оқушылардың зейіні басқа нәрсеге аууға мүмкіндік тумайды. Осындай кезеңде шыдамсыз, ұшқылақ оқушылардың қимыл-әрекетінде де байсалдылық байқалады. Сабақ тартымсыз, нәтижесіз болса, оқушылар қанша зейін қоюға әрекеттенгенімен шаршап, жалыға бастайды. Мұндай жағдайда жеңіл мінезді балалар өздері ғана тәртіп бұзбастан, басқаларға да теріс әсер етеді. Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық)
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с);
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.
2. Ішкі мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық. Бихевиористік теорияларда мінез-құлық детерминациясындағы негізгі акцент белгілі-бір мінез-құлықтың орындаудан кейінгі пайда болатын жағымды немесе жағымсыз жағдайларға негізделеді.
Мінез-құлықтын жоғары формаларының түсінігіне келесілер кіреді:
а)жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.
б)символикалық іс-әрекет.
в)өзіндік жоғары психикалық функция.
г)жоғары әлеуметтікфункция(интерпсихологиялық функция) Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст-мұғалімдерді ғана емес, бүкіл педагогикалық ұжымды жұмылдыру қажет. Жекелеген энтузиаст-мұғалімдердің бірлі-жарым әрекеттері көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені олардың оқушылары мұндай ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас жасайды, ал олардың арасында сыпайылық, турашылдықтың қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі.Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез-құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс кезіндегі мектеп асханасындары, көшедегі т.б. қоғамдық орындарындарындағы мінез-құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы тиіс. Балалардың мектегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн. Ата-аналардың мәдени деңгейі жеткіліксіздеу отбасынан шыққан, бірақ мектепте жақсы тәрбиеленген балалардың өзі де мәдени мінез-құлықты үйге жеткізушілер қатарына қосыла алады.
2-бөлім.Тәрбиедегі мінез құлық әдеттерін қалыптастыру жолдары
«Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу қажет,балалардың мазасыздану деңгейін және акцентуациясын зерттеу нәтижелері берілген.Девиантты мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық (лат.deviato-ауытқу)-жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет,осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары,қабылдаған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-құлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез-келген әлеуметтік ережелерден (мысалы,оның ішінде жағымды: батырлық,аса еңбек-қорлық,альтруизм,өзін құрбан ету,аса үлкен рөл ойнау,жетістіктермен қатар,жағымсыз: қылмыс,қоғамдық тәртіпті бұзу,адамгершілік ережелерін,дәстүрлі әдет-ғұрыптарды аттап өту,өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауытқушылықты білдіреді.Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацианы түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік дептүсіндірді. Девианнты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық,экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы; шу,геомагниттік өзгеріс, таршылық т.б.жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқада қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады.Деликвантты мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшеленеді.Оның мынадай типтері бар: агрессивті зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғағ көрсетілген дөрекілік төбелес,күйдіріп жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді. Ашкөздік мінез-құлық(корыстные поведение)майда ұрлықтар,қорқытып үркіту,автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнамдікке байланысты жат мінез.Криминалды мінез-құлық. Заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм,токсикоманания,нашақорлық,жезөкшелік,суицид,заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға,айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.Негізгі бес фактор.
1.Биологиялық фактор-баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады: ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы ,арақ-шарап,нашақорлық заттарды пайдалануы т.б.генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бызылуы,есту,көру кемшіліктері,жүйке жүйесінің зақымдануынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
2. Психологиялық фактор-Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б.жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психологиялық ауруларда,психопатияда,неврастенияда т.б.көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң болады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық фактор-олар мектептік,отбасылық,қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде,баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ,үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді;оқудағы декомпенсация-баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары,бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан.
4. Әлеуметтік-экономикалық фактор-әлеуметтік теңсіздігі қоғамның кедей және бай болып бөлінуі,жұрттың кедейленуі,жұмыссыздық,инфляция,әлеуметтік кернеу,т.б.
5. Моральді-этикалық фактор-қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы,рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылықпен белсенділік қажет. Қазіргі,осы саладағы әлеуметтік,педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде,бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
-балаға ілтипатпен,ізгі тілектестікпен қарау;
-оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
-оның адамгершілік күшіне,потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
-оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
-салауатты өмір салтын қалыптастыруға,қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
-девиантты мінезге ие балалардың білім алуымен бос уақытын пайдалану іс-әрекеттерімен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Мінез-құлық мәдениеті. Ол өзін қоғамдық ортада ұстай білу және әдептілік ережелерін сақтай білу ғана емес. Ол баланы үлкендерді сыйлаудан,жоғары адамгершіліктен,ұжымда өмір сүріп еңбек ете білуінен көрінеді. Кейде ұнамды қылықтар көрер көз үшін ғана жасалады.Сыртқы мәдениеті адамның мінез-құлықпен сыртқы бейнесінен көрінсе,ішкі мәдениеті адамның білімінен,нанымынан,жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра білуінен тұрады. Адамның қоғамда сыйлы болуы және бағалануы ішкі мәдениетіне байланысты. Сондықтан мінез- құлық мәдениетін тәрбиелеу адамның моральдық бейнесін қалыптастыруымен бірге адамгершілік,азаматтық,ұжымшылдық,достық жолдастық рухында тәрбиелеуге,ұйымдастыруға үйретумен тығыз байланысты. Мәдениетті мінез-құлық ережелерін түсіндіру. Жаман әдеттерді жоюда түсіндіру,талап қою,күн тәртібін орнату сияқты амалдар қолданылуы тиіс.Ұнамсыз әдетті түбірінен жою мұғалім мен ата-аналардан барлық амалдар жүйесін ұштастырып,дұрыс қолданылуын талап етеді.Тәрбие әдісі. Бұл мектеп тәжірбиесінде тәрбиеге қолданылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол.Тәсілдер-тәрбиелеу саласына,еркіне,сезіміне,іс-әрекетіне әсер ету шаралары.Тәрбие тәсілі-жалпы әдістің бөлігі,жеке-дара әрекет(әсер ету),нақты іс. Тәсілдер-бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге де болады. Егер оны басқа тәрбиешілерде пайдалана бастаса,біртіндеп ол үлкен соқпақ жолға-әдіске айналады. Тәрбие әдістерімен тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты.Педагогикалық процессте баланың еңбек сүйгіштік сезімі қалыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу,тәрбие үрдісін ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгеруін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді. Тәрбие құралдары дегеніміз-оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын,мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.
Тәрбие құралдары мыналар:
-іс-әрекет түрлері (ойын,оқу,еңбек);
-заттар(ойыншықтар,электрондық есептегіш машиналар);
-бұқаралық ақпарат құралдары;
-педагогикалық ықпал жасау құралдары;
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері сендіру,жаттықтыру,мадақтау және жазалау,іс-әрекетті ұйымдастыру,оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері болып бөлінеді.Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
-адамгершілікті қалыптыастыруға бағытталған түрткілер,қатынастар,түсініктер,идеалар тудыратын әдістер;
-әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер;
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа жіктеледі:
-қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістер;
-баланың мінез-құлқымен іс-әрекетін қалыптастыру мақсатында қолданылатын әдістері
-баланың мінез-құлқымен іс-әрекетін ынталандыру мақсатында қолданылатын әдістер;
-мінез-құлықпен іс-әрекетке бақылау жасауды,өзін-өзі бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері;
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріне мыналар жатады:
-этикалық әңгіме; -әңгімелесу;
-пікірталас;
-лекциялар;
-өнеге;
-көз жеткізу(сетуация):
Жоғарыда атап көрсетілген бірінші топтағы әдістердің сенімдерді,көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе,жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенлі түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Сонымен,жеке тұлғаның аснасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға,яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі мектепке ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою,насихат,нұсқау) жиі қолданылуда. Қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың(Тәртіптің нашарлығы -ғылым білімнің жоқтығынан)деп айтуы ұрпақ тәрбиесін түзеу үшін ең алдымен ұнамды әрекетке апаратын ақпараттардың болуын қажет ететіндігін түсіндіреді. Бала бойында қандай да бір ұнамды әрекетті қалыптастыру үшін сол әрекетінің дұрыс екенлігіне сенімін санасында тудыруымыз керекТәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек-олар саналы түрдеорындалуы қажет.Мадақтау әдісі.Тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез –құлқын көріп бағалай білуі және көпшілік, ұжым алдындақолдайтынын жария етуі. Ал бұған қарама-қарсы жазалауды, баланың іс-әрекетімен мінез-құлқындағы теріс әрекеттерін түзету жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсіндірген абзал.Мадақтаудың құрамына мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы,мақтау қағаздармен марапаттауы, құрмет кітабын жазуы,құрмет тақтасына сурет ілуі және т.б.жатады. Мадақтау әдісі оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдану үшін пайдаланылады.Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктеріне қанағаттанып, қуаныш сезімін оятады, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау ұжымының немесе жекелеген адамның әрекетін оң бағалағанда қолданылады. Мадақтаудың тәрбиелік мәні оның адамда оң мінез құлық пен іс-әрекеттің қалыптысуы мен дамуына ықпал ететігінде. Мадақтау әдісін қолданудың тиімділігі оның мынадай талаптары мен ескертуі мен тікелей байланысты болады.
-шын мәнінде қол жеткізген жетістіктерінің маңызды болған жағдайында мадақтау қажет;
-жекелеген адамды жиі мадақтай беруге болмайды;
-мадақтау ұжым тарапынан қолдау тапқанда ғана тиімді болмақ;
-мадақтау тәсілін таңдағанда тәрбиешілердің жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет;
-мадақтау шарасын сынып ұжымы қолданғанда,шешіммен келіскенде ғана ол тәрбие құралы болады.
Тәрбие әдістерінің бұрыннан келе жатқан түрі-жазалау әдісі кеңінен танымал, әрі өте күрделі әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушылардыжазалудың мақсаттылығы туралы әртүрлі.Жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін қарама-қайшы пікірлер бар. Қазіргі мектептерде мұғаліммен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз-педагогикалық ықпал нту әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдастарымен басқа адамдар алдындығы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екекенін анықтап алу қажет. В.А.Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.Жазалау тәрбиеленушілердің теріс қылықтарының алдын алу мен тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның немесе ұжымның нақтылығы бір талаптарын қоюдың формасы ретінде қолданылады.Қорыта айтқанда,девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: (әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды деген пікіріне сүйене отырып. Девиациаға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды қоғамдық өмірдің талаптары мен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, әрі қарай қалыптаса дамуына әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әректтер мазмұны қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір қасиеттер мәнімен талаптары мен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатыныстар
(достық,жолдастық,туыстық,сүйіспеншілік,махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда,балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады. Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталсақ қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушыларының бізге қалдырған еңбектерінен қазіргі кезде қоғамымызды толғандырып отырған жалпы азаматтың мұраттар, адамгершілік мәселелеріне жауап табамыз. Мысалы, ұлы Абайдың «Өсемпаз болма әрнеге”, «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ», т.б. адамгершілік сырға толы өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері. К.Шәкәрімнің «Жастарға», «Анық пен танық», «Талаппен ақыл», «Адамшылық», т.б. өлеңдері, А.Байтұрсыновтың «Анама хат», «Адамдық диқаншы», «Тарту», «Қазақ салты» сынды алып ақындарымыздың дана ойлары мен өсиеттері бүгінгі ұрпақ, тәрбиесінің бай қазынасы болмақ. Халық бала тәрбиесін құндақта жатқан күнінен бастап, жасын тартып азамат болганга дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы-мүлтіксіз іске асырып келді.
Адам бойына жақсы адамгершілік қасжеттердің сіңісуі тәрбиеге, өскен ортасына байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының — ұстаны жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қанар» деп тәлім –тәрбие, оқу-білім мәселесіне үлкен көңіл бөлген.Адамға деген құрмет сезімін тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет туралы да ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды жаман ықпалдардан сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын сөйлескенде, арада достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет.Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс.
2.1 Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері
Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді. Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы”. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста көзге түседі. Негізгі мектеп оқушыларында мінез-құлықтың, сана мен сезімнің жаңа түрлері одан әрі дамытылады Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.
А.С. Макаренконың айтуынша “адамның жаман мінезі басқаларға тікенектей қадалып, жаралса, оныңөзін де шөңге кіріп кеткендей сыздатып, қинайды деген болатын. Күнделікті өмірде адам мінезінің қарама-қарсы бітістері көрініс береді: қайырымды – сараң, батыл солқылдақ, жүректі – қорқақ, еңбекқор – жалқау, табанды -тұрақсыз т.б. Психологиялық әдебиетте мінезді характер деп атайды. Бұл гректің сөзі, аудара келгенде баспаға басу, суреттеу, мәнерлеу деген мағынада. Шынында да қоғам тәрбие арқылы адамның мінезін баспаға басқандай қылып, керекті көрінісін жасайды. Мінез дегеніміз адамның іс-әрекетінде пайдаланатын амал-тәсілдерінен көрінетін оның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Мінез адамның өзіне үйреншікті жағдайларда жасалатын мінез-құлқының бағдарламасы іспеттес. Ол өмірлік әсерлердің күрделі жиынтығының бейнесі бола отырып, жеке адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасы ретінде қалыптасады.
Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық.Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т.б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен шәлкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді. Адам мінезінің әлсіз жағы жиі осы жақтың белсенді қызметін керек ететін қиын жағдайларда ғана байқалады.Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы). Акентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард,А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген. Мінез акцентуациясының демонстративтік типіне жататындар эюцентрист (ойлайтыны қара басы) болып, өздеріне ғана басқалардың әрдайым көңілі бөлініп, жаны ашып, тамашаласа екен деген қажеттіліктерді керек етеді. Жалғандық көзге түсетін тұрпат пен сиқын көрсетуге тырысу, жасанды мінез-құлық (өзін-өзі өлтіру көрінісін жасауға дейін бару)- осылардың бәрі құрбыларының арасынан ерекше болып көрінуге қандай болмасын амал-тәсілді қолдануға бағытталады. Мысалы: жоғарғы класста оқитын 3, деген қыз бала өзін қорқытқан және балағаттаған анонимдік хаттар ала бастаған. Ол жылап, осы хаттарды мұғалімдерімен құрбыларына көрсетіп, олардан көмек сұраған. Тексере келгенде бұл хаттарды өзінің кара басына бүкіл мектептің назарын аудару үшін жазған өзі болады. Сөйтіп мінез акцентуациясының бірнеше типін атап, олардың ерекшеліктерімен таныстық. Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылса мінез акцентуациясының жағымсыз көріністеріне тосқауыл жасауға болады. Педагогтармен ата-аналар балалар мен жеткіншектердің мінездерінің әлсіз жақтарын, осы жақтарын жаралайтын стрессогендік ситуацияаларды болдырмауға тырыссады. Осындай көпшілікпен бірлесіп жасаған жұмыста ұялшақ пен көңілдеп ауыртпалықтан арылу жеңіл түседі.Мінез құрылымы. Адамның мінезін оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерінің не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз.
Бірақ мінез – бір бірімен белгілі қатынас байланысы бар жеке адам қасиеттерінің жүйесі, тұтас құрылымы болып табылады. Сондықтан адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін жүйесі; және еріктік ерекшелектері білуге болады. Олар белплі бір жағдаида тұрақты көріністер беріп, мінездің бітістеріне айналады. Мінездің бітістері деп осы ортамен қарым қатынаста, іс-әрекетте көрінетін мінез-құлықтарын айтамыз. Адамның мінез-құлқы оның іс-әрекеттің итермелеуші күші болып отырады. Мысалы біреу жұмыс жасағанда абырой алғысы келеді, енді біреу қорқа соғады, тағы бірі атаққұмар келеді. Мінез-құлықтың қасиеттері өмірдің қиындығын жеңуде, осы бағыттағы күресте айқын көрініп отырады. Бұл қасиеттердің негізінде ерік қасиеттері болады. Мінез адамға туа бітпейді, бірақ ол оның табиғаты, мәселен нерв қызметінің ерекшеліктерімен байланысты келеді. Нерв процестерінің (козу мен тежеудің) тең не тең еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі мен әлсіздігі -осылардың бәрі мінез көріністеріне түрліше рең береді.Сөйтіп мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. Темперамент мінездің басқа да жақтарына мәселен, сезімнің тонусына (құбылуы), қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөйлеген сөздің екпініне, ерів. Сөйтіп семья тәрбиесіндегі қателіктер түбінде адамның мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың пайда болуына соқтырады. Мұндай адамдар бір қалыптылығы жоқтығымен, сөзімен есінің жанаспауымен сипатталады. Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы – табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі, адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады.Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенінғылым тарихында алғаш ретсипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Қорытынды
Курстық жұмысымды қорытындылай келе тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық өзіндік санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын,дербестігін, толеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көп мәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп санайды.Қандай да олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан тәрбиелеу
-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушілердің ішкі ұстанымынан құралады.
Балалалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі
құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата-аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі. Әлеуметтік–педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез–құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады. Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие. Ауытқушы (девианттық) мінез- құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз ( И.Невский). Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық).
Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды,кетіп ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көрінуі нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. С. Қалиев.Этнопедагогика. «Фолиант» баспасы. Астана-2007
2. Н.Назарбаев. Ел Президентінің Қазақсатан халқына Жолдауы. Алматы «Жеті Жарғы» баспасы 2005
3. Ж.Дәуренбеков. Беташар. Алматы «Өнер» баспасы 1991
4. Ә.Төлеубаев. Қазақсан тарихы. Алматы «Мектеп» баспасы 2010
5. Әділбеков Н. Тәуелсіздік шежіресі. Ан арыс баспасы. Алматы 2011
6. Н.Назарбаев. Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ. Алматы баспасы 2014.
7. М.Мырзахметов «Абайдың адамгершілік мұраттары», Алматы, «Рауан», 1993 ж.
8.Қазақстан мектебі журнал «Сналаы тәртіп және мінез-құлық мәдениеті», №5, 2001 ж.
9. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбиесі», «Санат», А., 1995 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |