Тақырыбы: Тері және оның туындылары



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі1,48 Mb.
#131137
1   2   3

Терінің құрылысы

  • Адам терісі негізінен 3 қабаттан тұрады:
  • сыртқы қабаты - эпидермис (лат. ері - сырты, үсті, derma - тері),
  • ортаңғы қабаты - нағыз тері (дерма),
  • ішкі қабаты - шелді қабаты

Эпидермис

  • Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ эпителий ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш түсетін жерлерде (алақанда, табанда) эпидермис едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды.

мүйізді қабат
өсуші қабат
Эпидермис
Мүйізді қабат
    • Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар қайызғақ түрінде үнемі түлеп түсіп отырады. Қайызғақ көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған.

Өсуші қабат
    • Эпидермистің ішкі қабатын - өсуші қабат дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді.

Дерма (грекше «derma» — тері) — адам мен жануарлар терісінің нағыз тері қабаты. Терінің бұл негізгі қабатында қан тамырлары, жүйке мен рецепторлар бар.
Дерма
Дерма
емізікшелі
торлы
    • Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары, лимфа тамырлары, жүйке талшықтары өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы тері бедері көп пайдасын тигізеді.

Емізікшелі қабаты
    • Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.

Торлы қабат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет