жол көрсеткендерді мойындамайды.
Міне осы
себептерден, түрлі төңкерістер мен
қантөгістерден орын алуы ықтимал.
Суреттерден көріп отырғандай осы діни
ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі
мақсаты
теракт ұйымдастыру, мемлекеттік
төңкеріс жасау, террористтер дайындау. Керек
десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір
мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға
себепкер болған. Істері әшкере болған
ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам
салған сот шешімдері қабылданды. Алайда,
әлі де
болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін
жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
Мұғалім:«Не істер едің?» білім алушыларға
тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп,
пікірлері тыңдалады.
1)Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан бір
аға-апалар шығып,
сенің дінге деген
көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды.
Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай?
Олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете
бересің бе? Шешіміңді дәлелде.
2) Топқа жаңадан студент келді. Онымен жақын
әңгімелесе бастағаннан-ақ саған бейтаныс діни
ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол
ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Осы
жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Ұсыныс,
көзқарасың туралы ойыңмен бөліс.
3) Сенің ең жақын құрбың соңғы
кездері тұйық,
ешкіммен араласпайтын мінез көрсете бастады.
Бұрын көңілді, сенен сыр жасырмайтын
құрбыңның басқа діни ағымдағы адамдармен
байланысып жүргенін байқадың. Сенің әрекетің
қандай?
4) Саябақта келесің.
Аяқ астында жерде жатқан
арабша жазуы бар екі бет қағазды көрдің, бірақ
арабша танымайсың,
қарамай өтіп кетейін десең,
мұсылман болған соң, құран кітаптың беті деп
ойладың, бірақ басқа нәрсе ме деп тағы да
ойладың. Сенің әрекетің?
5) Мектеп асханасына кетіп бара жатқан тұста
оралып жатқан пакет көрдің. Сенің сондағы іс-
әрекетің?
Достарыңызбен бөлісу: