Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңы атқан күн» Мақсаты



бет4/9
Дата07.05.2023
өлшемі26,95 Kb.
#90942
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тауелсиздик

15-оқушы Ерлан
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы Мухаммеджан
Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
17-оқушы
Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
18-оқушы
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
Әсет-оқушы
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
Зейнеп-оқушы
Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
2 а сынып оқушылары Бақытты балалы шақ өлең айтады
(музыка жетегінде оқушылар залға кіреді)
Хор Атамекен.


Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»
Мақсаты: 
1. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
2. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
3. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көк, сары түсті шарлар, кішкентай жалаушалар, гүлдер, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» жазуы, буклеттер, қанатты сөздер және интерактивті тақта
Өткізілетін орны: АКТ залы
Өткізілетін күні: 15.12.2018ж
Өткізілетін уақыты: 12:00


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет