15-оқушы Ерлан Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіз дәні бар,
Айналдым сенен Отаным!
16-оқушы Мухаммеджан Жүрегі толы отпенен
Арманмен өсіп көктеген
Ертеңге нұрлы беттеген
Айналдым сенен Отаным!
. 17-оқушы Біздің қазақ мықты ғой,
Тәуелсіз ел атанған.
Желтоқсан деген көтеріліс
Жан аямау Отаннан.
Сескенді бүкіл өктемдік,
Жеңіске сол ғой жеткендік.
Орыс боп кете жаздаған
Кеңестік кезді жек көрдік.
18-оқушы Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
Әсет-оқушы Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
Зейнеп-оқушы Елім бар да мен бақытты ұланмын.
Елім сүйсе, сенімінен шығармын.
Елім менің көтермесе елдігін
Намысымның биігінен құлармын.
2 а сынып оқушылары Бақытты балалы шақ өлең айтады
(музыка жетегінде оқушылар залға кіреді)
Хор Атамекен.
Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» Мақсаты: 1. Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. 2. Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. 3. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: көк, сары түсті шарлар, кішкентай жалаушалар, гүлдер, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» жазуы, буклеттер, қанатты сөздер және интерактивті тақта Өткізілетін орны: АКТ залы Өткізілетін күні: 15.12.2018ж Өткізілетін уақыты: 12:00