Т - білдіреді теңдейді. Ә - әдептілік ерлікті. У - уайымсыз, уақытты. Е - егеменді, елдікті. Л - дейді лағып, лепірме. С - сенімділік , секілді ең. І - ілтипат пен ізет қой. З - зиялылық тілек қой. Д - шақырады достыққа. І -ілкімді бол сақтыққа. К - дейді күн боп көктегі.
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,
Көреріңді көрсең де азаппенен.
(«Көңіл толқыны» күйі орындалады, қазақ халқының басынан өткен тарихқа байланысты видеоролик көрсетіліп тұрады 2,37мин) https://www.youtube.com/watch?v=dhACslPLK8I Мұғалім: Міне оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 1986 жыл, 16-желтоқсан «Желтоқсан желі» видеороликті тамашалау. https://www.youtube.com/watch?v=5o_swYUqUoo
Сонымен оқушылар, осы көрсетілген бейнебаяннан өзімізге қандай ой түйдік? Ән:Желтоқсан желі
Ендігі кезекте оқушыларымыздың Тәуелсіздікке жету жолдарында айтылып кеткен өлең шумақтарын тыңдайық.
(Елімай әуені орындалып тұрады.) Елнұр: Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртыңнан айрылған жаман екен ,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Қазақтың қайда жиын мерекесі?
Ел-ауыл, жердің кетті берекесі.
Ханзада, ханым болып өскен ұл-қыз,
Қай елдің болып кетті келекесі.
Қайсар: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Анэль: Біз - қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен,
Жетер енді, желпінейік, қарайық
Мына өмірге иегердің көзімен,
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған Тәуелсіздік күшпен өткен.
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш араласа қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы өткен.