6. Кім тапқыр? (сурет бойынша әңгіме құрау) Екі топқа екі мезгілдің суретін салдыру , сурет сала отырып әңгіме құрайды.
Қыс және күз
7. «Сөз құра, тез құра!» (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау)сөз - Қазақстан
І топқа:( ә )
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
2. Досың кім?
3. Әдемі адамның арманы не?
4. Бүгін қандай күн?
5. Сенің көзің қандай?
6. Жігіттер сырға таға ма?
7. Бала оқытатын адам?
8. Бос уақытыңда не істейсің?
9. Қандай тағамдар ұнайды?
10. Жасың нешеде?
ІІ топқа: (қ )
1. Мақал білесің бе?
2. Есімің кім?
3. Аспанда не бар?
4. Мектеп мұғалімдері қандай?
5. Қар қай кезде жауады?
6. Алма тәтті ме?
7. Кім болғың келеді?
8. Адамдар неден қорқады?
9. Сыныбыңда неше оқушы бар?
10. Қандай қаланы білесің?
Жүргізуші:
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. «Қазақ тілі-ғажап тіл» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық. Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз. -Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам мемлекеттік тілдің қазақ тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.