Тақырыбы: Топографиялық карталардағы географиялық және тік бұрышты координаталар


Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады



бет3/6
Дата29.04.2023
өлшемі335,15 Kb.
#88321
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция № 12-1

Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады.

  • Картаға градус торынан басқа тікбұрышты зональды координаталар схемасының квадратты координаталар торы салынады.
  • Осы тордың квадратының қабырғасы километрлердің толық санымен белгіленеді, сондықтан оны километрлік деп атайды.
  • Оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізілген километрлік тордың сызықтары зонаның остьік меридианына параллель (Ох осіне), ал батыстан шығысқа қарай жүргізілген сызықтар экватордың жазықтықтағы проекциясының кескініне параллель (яғни Оу осіне) болады.
  • Километрлік тордың көмегімен нүктелерің тікбұрышты координаталары анықталады.

Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады.

  • Карта бетінің градус рамкасының сыртында безендіру рамкасы сызылады.
  • Осы рамканың сыртында орналасқан жазулар және графиктер шектік безендіруге жатады.
  • Әрбір топографиялық картаның үстіңгі жағында беттің номенклатурасы көрсетіледі.
  • Рамканың төменгі жағынан мыналар орналасады:
  • магнит тілінің орташа бұрылуы
  • масштабтар
  • жер бедері қимасының биіктіктері туралы мәлімет
  • табан графигі
  • түсірілген және жаңартылған жылы.

Кез-келген проекцияда карта жасау кезінде бұрмаланулар болады.

  • Кез-келген проекцияда карта жасау кезінде бұрмаланулар болады.
  • Олардың сипатына қарай картографиялық проекциялар үшке бөлінеді:
    • Тең бұрышты проекция
    • Тең мөлшерлі немесе тең ауданды проекция
    • Еркін проекция

Тең бұрышты проекцияларда картадағы бұрыштар жер бетіндегі бұрыштарға сәйкес келеді.

  • Тең бұрышты проекцияларда картадағы бұрыштар жер бетіндегі бұрыштарға сәйкес келеді.
  • Тең бұрышты проекцияларда жасалған карталарды жолдың бағытын анықтауда қолданады, бірақ мұндай карталарда қашықтықтар мен аудандар бұрмаланады.
  • Тең бұрышты проекцияларда жасалған карталар кеме қатынасында, самолеттердің ұшу трассасын белгілеуде және навигацияның басқа да мәселелерін шешуде пайдалану тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет