Тақырыбы:Ұзын құлақ ақ қоян Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекіліктер: демонстрациялық материалдар, қоянның суреті, ойыншық қоян. Қажетті құрал жабдықтар: қағаз, түрлі түсті қарындаштар, қоянның суреттері Сөздік жұмыс: көжек. Билингвальді компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный. Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға шақырады. Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасу. Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс Тәрбиеші: Қыс мезгілінде неше ай бар? Балалар: Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан Тәрбиеші: Қыс мезгілінде ауа – рай қандай болады? Балалар:Салқын,аяз,қар жауады, Жұмбақ жасыру. Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не? Тәрбиеші иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні, құлағы неге ұзын екені, қалай секіретіні, неге сұр қоян, ақ қоян деп аталғаны жайлы сұрап, өзі жауаптарды толықтырып түсіндіреді. Балаларға ұзын құлақ сұр қоянның суретін жапсыруды ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген үлгі бойынша қояның суретіне күріштерді жапсырады
Сергіту сәті: Қояным, қоянмын Орныңнан тұра ғой. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Бетіңді жушы, Қолыңды жушы, Орныңда секірші! Тәрбиеші балалардың қоянды әдемі суретін жапсырғандарын айтып мадақтайды. Қоян жайлы әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп, қоян жайлы өлең айтады.
Бекітемін
«Жауқазын»бөбекжайы» МКҚК
директоры м.а__________З.Узакбаева
«__»_________2022жыл