Тақырыбы:Қазіргі білім беру парадигмалары, білім берудің психологиялық тұжырымдамалары бойынша психологиялық-педагогикалық микрожобасын жүзеге асыру



бет2/3
Дата01.12.2022
өлшемі3,74 Mb.
#54043
1   2   3
Байланысты:
хх-ххі ғасыр 5

Мәдениетке деген үш амал:

  • 1)аксиологиялық – мәдениет құндылық ретінде қарастырылады;
  • 2)әрекеттік – материалдық немесе рухани құнылықтарды игеру, жасау бағытындағы белгілі бір іс-әрекет;
  • 3)тұлғалық – мәдениет тұлғаның белгілі бір типтерінде, оның қасиеттерінде көрініс табады.

Осы мәдениетке деген үш амалға сәйкес білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі немесе үш парадигма бар: 

  • 1.Дәстүрлі-консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.
  • 2.Рационалистік (әрекеттік амал) – баты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.
  • 3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.

Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:

  • -білім беру мақсаттары бойынша,
  • -мектеп функцияларын түсіну бойынша;
  • -мақсатқа жету жолдары бойынша;
  • -педагогикалық әрекеттесу сипаты бойынша;
  • -оқушының білім берудегі позициялары бойынша.

1.Дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма


1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкесті икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.
2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның
негізгі салаларына бағдарлануы
керек. Мектеп уақыт сынынан
өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.
3)Этикалық құндылықтарға 
ерекше орын беріледі.

Технократиялық (аралық) парадигма

  • Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың салдарынан туындады. Оның негізінде ғылыми дәлелденген, тәжірибемен сынақтан өткен шындық туралы түсініктер жатыр.
  • Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі, мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.

Бихевиористік (құлық) парадигмасы

  • Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет