3. Салат «Математикалық винегрет» Дұрыс жауап-5 балл
1. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде, жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ¼
2. Тізбектес үш жұп санның шеткі екеуінің екі еселенген қосындысынан 3-ті шегерсек 29 саны шығады. Ортаңғы санды тап. 8 3. Марат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жылдан кейін анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Бүгін Мараттың жасы нешеде екенін табыңыз. 4 4. Торт «Мадонна» Бұл кезеңде 2 жол өлең беріледі. Әр топ өз қиялдарымен толықтыру қажет.
Ақын жанды болмасам, математикте болмаған болар едім деген әйелдерден шыққан тұңғыш математик София Ковалевскаяның математикаға қызығушылығы былай туындаған екен.
Бірде ата-анасы Софияның бөлмесіне түсқағаз жапсырады.Жетпей қалған түсқағаздың орнына математика кітабінің бір бетін жапсырған екен. Сол беттегі математикалық өрнекті күнде көріп жүрген қыздың математикаға қызығуы күннен-күнге артып, кейінен дүние жүзіне белгілі математик – ғалым болған екен.Ұпай саны салыстырмалы түрде мағына ұйқасқа қарай 1-10 балл арасы
Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
5. «Нан корзинасы» Бұл кезеңде оқушыларға 1-9 сандар жазылған парақтар таратылады. Әр топ әр санды қолдана отырып бейнеге ауыстырып толықтыру керек.
6. Зал қонақтарына логикалық тапсырма.Құрметті қонақтар! Кафе әкімшілігі сіздерге әлі де осы кафеден басқа кафелерге кетіп қалмай біздің бас аспазшымыз ұсынған тағамдарды жақсы бағалап отырғандарыңыз үшін өз ризашылықтарын білдіреді. Осы құрметтеріңіз үшін кафе әкімшілігі сый құрмет ретінде. «Мерекелік тәттілер»ұсынады.