99
Прагматикалық әдіс арқылы қарым-қатынас кезіндегі экспрессивтік-эмоционалдық қызметті
анықтауға болады. Ол баяншының қабылдаушы сезіміне әсер ету үшін түрлі көріктеу амалдарын қолдану
шеберлігінен көрініс табады. Берілген сөйлемде
сөйлеуші тілдік қайталама (реприза) (оның ішінде
морфемалардың қайталануы
жан-жүйемді тебірентіп, іші-бауырымды елжіретіп) тәсілін қолдану
арқылы сөйлеу тіліне экпрессивті-эмоционалдық реңк беріп, қабылдаушыға әсер қалдырады.
Ф.Ш.Оразбаева Дж.Остиннің сөйлеу актісіне қатысты тұжырымдарын [2] басшылыққа ала отырып,
мәтіннің қатысым теориясында алатын орнын көрсетеді.
Мәтіннің байланыстырушылық қызметін локутивті акт тұрғысынан анықтайды. Мәтін құрамындағы
қатысымдық бірліктерді коммуникативтік жағдаятқа сай пайдалану, тілдік қатынасқа қажетті сөздерді
ұтымды іріктей білу, коммуникативтік компоненттердің семантикалық-синтагмалық параметрлерін
нормаға сай дұрыс қолдану, интонациялық-логикалық тұтастықты айтылым нормаларына сәйкес сақтау
арқылы баяншы мен қабылдаушының арасында байланыс орнайтынын көрсетеді.
Мәтін мазмұнының түсінікті, жағдаяттық уәждердің өзекті, тілдік қатынасқа түсушілердің тұлғалық,
әлеуметтік сипатының айқын болуын иллокутивті акт заңдылықтарына жатқызады. Мұны баяншы мен
қабылдаушының арасындағы қатысымдық қызметтің жүзеге асу көрсеткіші ретінде түсінуге болады.
Перлокутивті акт аясында мәтін құрамындағы компоненттердің қабылдаушы сезіміне, жай-күйіне,
танымына, көзқарасына әсер етуі анықталған. Мұны экспрессивтік қызметтің мәнін анықтайтын
тұжырым деп тануға болады [1,144 б.]. Ғалым сөйлеу актісінің әрбір түріне жасалған теориялық
тұжырымдарды практикалық тұрғыда бекітіп, мәтін бойынша арнайы талдаулар береді. Бұл сөйлеу актісі
теориясына қатысты методологияның тілдік қатынас ілімінде қалыптасу жолын көрсетеді. Ғалымның
тілдік қатынас бойынша анықтаған теориялық тұжырымдары мен практикалық талдауларынан шешендік,
сенушілік, эмоционалдылық, модальділік сияқты категориялардың сөйлеу актісінде көрініс табатынын
байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: