Жеміс-жидек дүкенінде, Саябаққа барамыз, Сен қайда тұрасың? Отбасы мүшелерінің сүйікті істері, Үйде не істейміз? Кім не істейді? Менің сүйікті тағамым, Қандай дәмді? Жануарлар бұрышы, Менің мектебім, Менің күнделігім, т.с.с.) жіктелуі әбден құптарлық. Оқулықта оқылым/ айтылым, оқылым/
жазылым айдары қатар берілген. Яғни бала мәтінді оқи отырып, сөздерді дұрыс айтуға, қатесіз жазуға
дағдыланады, мәтінді негізге ала отырып, өз бетінше мәтін құрастырады. Бұл да оқушылардың қазақ
тіліне деген қызығушылығын арттырады.
Кешенде адресант-адресат факторы ерекше ескерілген. Еңбек қазақ тілінен басқа тілде оқитын 11
жылдық жалпы білім беретін мектепке арналғандықтан, қазақ халқының ұлттық болмысы, ұлттық
ерекшеліктері ғана берілмей, басқа ұлттардың ерекшелігі де көрсетілген, қазақ халқының ұлттық
нақышындағы суреттер де, орыс тілді балалар ұнататын ертегі кейіпкерлері де берілген. Мәселен, 7-
сыныпқа арналған оқулықтың 4-беттегі 3-тапсырмасында қазақтың киелі сандарымен қатар қытай халқы
киелі санайтын сандар туралы мәлімет берілген. Қазақтың классикалық музыкасына арналған тақырыпты
өту барысында оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, классикалық музыка, классикалық
әдебиет, орыс халқының халық әндері туралы ойларын ортаға салады. Бүкіл кешендегі мәтіндер өзге ұлт
өкілдерінің түсінуіне жеңіл, күнделікті өмірде жиі кездесетін нақты жағдаятқа құрылған, күрделі
оралымдары жоқ.
Ерекше атап өтетін жайт – қазақ тіліндегі категорияларды жіктеуде оқулық авторлары соңғы шыққан
академиялық грамматикаларға сүйенген. Бұл – өте құптарлық жайт. Мәселен, қазіргі кезде «Қазақ тілі»
оқулықтарында дауысты дыбыстардың саны бірде 12, бірде 13, бірде 10, т.с.с. түрде әртүрлі беріліп жүр.
2002
жылы Астана қаласында жарық көрген «Қазақ грамматикасында» қазақ тіліндегі төл
дауыстылардың саны 9 екені нақты көрсетілген. Оқу кешенінде осы ұстаным басшылыққа алынып,
дауыстылар саны 9 етіп берілген (5-сынып, 15-б.). Сондай-ақ кітапта шет тілден енген дауыстылар
көрсетіліп, қазақ және орыс тілдеріндегі и, у дыбыстарының ерекшеліктері келтірілген. Оқулық қазақ
тілінен басқа тілде оқитын 11 жылдық жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналғандықтан,
мұндай мәлімет өте қажет.
Грамматикалық ережелерді беруде оқулық авторлары кестені ұтымды пайдалана білген (5-сынып, 15,
25, 32, 80-
б. т.с.с.). Грамматикалық ережелерде сөздердің дұрыс жазылуына қатысты қағидалар,
ұстанымдар да берілген (52-б.). Бұл – балалардың ережені ғана жаттамай, дұрыс, сауатты жаза білуіне де
көмектеседі. Орта деңгейдегі ережелерде «Назар аудар!», «Есте сақта!» айдарымен қосымша
жалғанғандағы өзгерістер нақты көрсетіліп, мысалдар берілген. Бұрынғы оқулықтардың олқы түсіп
жатқан, осал тұстарының бірі – осындай ерекшелікке мән беріле бермейтін. Сондықтан оқулық
авторларының бұл бағыттағы ізденістерін үлкен жетістік ретінде бағалауға болады.
А.Байтұрсынұлы оқушыларға қандай да білім мазмұнын үйреткенде ойынмен араластырып жіберу
керектігін, ойыны қайсы, оқуы қайсы екенін айыра алмай қалатындай етіп үйрету керектігін айтқан
болатын. Оқулық авторлары әдіскер ғалымның осы ұстанымын да негізге алғаны байқалады. «Қазақ тілі»
оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенінде қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібін, сөздердің тіркесімі
балаларға ойын арқылы түсіндіріледі. Мәселен, 3-сынып оқулығының 62-беттегі «Қу сұрақ» ойынын
ойнау барысында, 29-беттегі сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіру үшін берілген 6-тапсырманы
орындау барысында балалар сөздердің тіркесім қабілетін түсінеді.
Қазақ тіліндегі сөздер бір-бірімен қалай болса, солай тіркесе бермейді. Олар мағыналық, мазмұндық
жағынан бір-біріне сәйкес келіп тұрғанмен, тіркесуінде өзіндік заңдылықтар бар. Мәселен, қыс түсті деп
айтылғанмен, көктем түсті, жаз түсті деп айтылмайды. Сол сияқты жаз шықты деп айтылғанмен,