171
мүмкіндік жасайды». [5]. Контест ұғымы жайлы ғалым Ж.Жакуповтың төмендегі пікірлеріне назар
аудармасқа болмайды.: ... Контекст тілдік единицалардың құрылымдық мағынасын айқындауға тиіс.
Оның қызметі – қарым-қатынасқа қажетті, тілден тыс ақпаратты бейнелеу мен жеткізуге қажетті
мағынаны актуалдандыру, мәндендіру, қарым-қатынасқа түсіру, іске қосу. Контекст қарым-қатынастың
ерекше құбылысы ретінде тілдік құралдар мен сөйлеу құралдарын біріктіреді, олардың қолданылуы мен
бейнеленуін қамтамасыз етеді. Контекске осы тұрғыдан келу мынадай маңызды құбылыстарды
айқындауға жол ашады: контексте әсер ететін бірліктер, контекст құрылымы мен тілдік единицалардың
қатынасы, лексика-семантикалық және семантика-синтаксистік контекстер, единицаларды қодану мен
түзу контексі және тілден тыс ақпараттарды жеткізу контексі. Сонымен қатар ғалым тілдік единица мен
контекстің байланысын былайша түсіндіреді: тіл единицасы контекске түсіп, оның бөлігіне айналады да
контекст элементі ретінде оның басқа да элементтерімен бірге тілдік жүйені іске асырып, нақты ойды
жеткізеді, яғни тілдік единицалармен контекст өзара тығыз байланыста болады. Контексте бұрын бар
единицалар мен оның мағынасы қызметке кірістіріледі, сондай-ақ жаңа единица, жаңа мағына пайда
болуы мүмкін», - дей келе контекске мынадай анықтама береді: контекст деп мәнге ие болу арқылы тілдің
барлық деңгейіне тән единицалардың мағына, мазмұнын жүзеге асатын бірлік орта, аяны айтуға болады.
Контекст тілдік единицалардың мағынасын жүзеге асырудың және туындатудың шарты ғана емес, ол
нақты ой мен тілден тыс ақпаратты бейнелеу мен жеткізудің құралы. Сондықтан контексті
коммуникативтік единица ретінде таныған жөн»,- деп тұжырым жасайды. [6]
Демек, мәтін және контекст - әртүрлі ұғым болғанымен, қатысымдық тұлғаларды қарастыру
барысында бір түсінік, бір зерттеу нысаны ретінде танылатын ұғымдар. Әртүрлі ұғымдар болғанның
өзінде табиғаты жағынан қатысымдық тұлғалардың қасиеттерін бірі екіншісі ашып отыратын тілдік
нысан. Екеуі де мәтіндік аяда ұғынылатын, тіпті ең кіші тілдік бірлік ретінде сөйлем, сөз тіркесі аясында
қабылданатын қатысымдық тұлғалар ретінде таныла алады.
Сонымен, сөз, сөйлем, фразеологиялық тіркестер, мәтін өзара бірлікте келіп, тілдің барлық
коммуникативтік қызметін ортақтаса атқаратын тілдік бірліктер. Қатысымдық тұлғалар арқылы адамдар
қарым-қатынасы жүзеге асып, өзара түсінісіп, пікірлесе алады. Қатысымдық тұлғалар арқылы баяншы
мен қабылдаушы пікірі анықталады, тілдік қарым-қатынас және оның қабылдануы жүзеге асырылады.
Мағынадағы жалпылама ұғым қатысымдық тұлғалардың қатысымдық тұлғалардың көмегімен, нақтылы
ұғыммен ойды жеткізуі арқылы тұтас мазмұндық қасиетке ие болады.
Ғалым Ф.Ш.Оразбаеваның тіл біліміне қосқан үлесі бір мақаланың аясына сыюы мүмкін емес.
Сондықтан да негізгі үлкен екі мәселеге ғана тоқталып өттік. Ф.Ш.Оразбаева қазақ тіл білімінде «Тілдік
қатынас» саласын қалыптастырып, теориялық негізін салды. Басты ұғымдарын, терминдерін біріздендіріп
жүйеге түсірді. Осылайша қазақ тіл білімінің жаңаша сипатта зерттелуіне ықпал етуде.
Достарыңызбен бөлісу: