Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Коммуникативные единицы языка»: Тез.всесоюз.научконф. – М.,1984-150с.
2.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және анықтамасы. ‒ А., 2000. ‒ 208.
3.
Смағұлова Г.Н. «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері». ‒ А.: Ғылым, 1998.
– 196.
4.
Нұрмұханов Х.М. «Сөз және оның контекстегі қолданысы». ‒ А., 1994.
5.
Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. ‒ А.: Рауан, 1991. ‒ 216.
6.
Жакупов Ж.А. «Қазақ тілі функционалдық синтаксисі» докт. Дисс.автореф.
ФАУЗИЯ ШӘМСИҚЫЗЫ ОРАЗБАЕВАҒА: ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУШІ,
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
Исаева Ж. И.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті,
филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Түркістан, Қазақстан; e-mail: zhazira.isaeva@ayu.edu.kz
jazirhon79@mail.ru
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
172
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
Қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ұжымы Сізді 70 жылдық мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Бүгінгі күні қоғам дамуының қарышты қадамдарына сәйкес, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеп,
қажырлы еңбек етіп жүрген ғалым, ұлағатты ұстаз Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойы болып
отыр.
Бұл мерейтойдың мәні де, маңызы да зор. Өйткені, зерделі зерттеуші, ұлағатты ұстаз Фаузия
Шәмсиқызының Қазақстан қоғамы үшін білім, ғылым, тәрбие үдерісінде, бәсекеге қабілетті адам
ресурсын сапалы дамытуда еліміздің болашағы жастарды оқытуда үлкен еңбек сіңірді.
«Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға
беру үшін, алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», – деген қазақтың кемеңгер
ақыны Мағжан Жұмабаев. Олай дейтіні, ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді.
Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ дегенді бұлжымас заңдылық санасақ, Ұстаздық еткен
жалықпас, Үйретуден балаға, – деген Абай сөзін өзінің өмірлік қағидасы еткен өнегелі де ұлағатты
ұстаздың біз үшін орны ерекше. Адам адамды өзіне, өміріне, қоғамға ізгі, игі ісер етуімен бағалайды емес
пе? Фаузия ұстазымыз жеке адамдарға ғана емес, жалпы адамға жақсылық жасаудың үлгісі. Сондықтан да
халқының қадірменді қошеметіне ие болып отыр.
Фаузия Шәмсиқызымен таныстығым 1996-2000 жылдан ғылыми еңбектері арқылы болса, 2006-2007
жылдардан бастап бетпе-бет танысып, апайдың ұстаздық әрі аналық мейіріміне бөлендім. Себебі,
«Жақсыда – жаттық жоқ» - демекші, Фаузия Шәмсиқызы ұлықпен – ұлықша, кішімен – кішіше терезесі –
тең, тізе қосып, керек жерінде ақыл-кеңесін, ғылыми-бағыт бағдарын бере білетін, адамдық, ұстаздық
болмысы, жан дүниесі мейірімге толы, даладай дархан, мінезге бай, биік те терең тұлға. Бұған басты
себеп менің Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ тілі мен
әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдап, Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің
диссертациялық кеңесіне қорғауға келген кезім болатын. Сол уақыттары Фаузия Шәмсиқызы кафедра
меңгерушісі болатын. Іскер басшы, ақылшы ұстаз, сөзге жүйрік ұстаздың мейірімділігін сол уақыттарда
байқадым. Қазақта: «Қол бастағаннан сөз бастаған қиын» - демекші, ұстазым Фаузия Шәмсиқызы сөз
бастағанда еріксіз көзің де, құлағың да, бүкіл ынта-назарың да оған, оны тыңдауға еріксіз ауады. Көңілің
алаңсыз бөлінеді. Олай етпеу мүмкін емес. Қиыннан қиыстыру, біліп сөйлеу, биязы үнінің көңіліңе құя
сөйлеуі – сені өзіне тартып алады да, бүкіл ынта-бейіліңді ол айтып тұрған мәселеге еріксіз аударады.
Оны тыңдауға әрдәйім бар ықыласыңмен көңіл бөлесің. Мұндай сөзге шеберлікті, сөз байлығын қайдан
алады, қалай игерген, деп еріксіз таңданасың. Содан, арада біраз жылдардан соң, яғни 9 жылдан кейін,
2016
жылдың көктемінде Фаузия ұстазымды жүзбе-жүз Төрт қақпалы киелі Түркістанның төрінде ізбасар
шәкірттерімен бірге ІҮ дәстүрлі «Жаңа формациядағы болашақ педагогтарды дайындаудағы өзекті
мәселелер» атты халықаралық конференцияда жолықтырдым. Конференциядан кейін Фаузия
Шәмсиқызы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ
филологиясы» кафедрасында «Шеберлік сыныбын» өткізіп, онда оқытудың заманауи жаңа-әдіс
тәсілдерін алға сала сөйлеп, еліміздің педагогика ғылымының өзекті, тың мәселелерін университет
оқытушы-профессор құрамына және магистр, докторанттарына, студенттерге қолмен қойғандай
білімділікпен айтып өтіп, көпшіліктің алғысына бөленді. Ұлағатты ұстазымыз Фаузия апайымыздың
осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен,
жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы, мәдениетті сөзі,
әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы
ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет
мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, - дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби
икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.
Дана халқымызда: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын», - деп тегін айтылмаса керек. Осындай
жаны жайсаң жақсы адамдардың «Шеберлік сыныбын» тыңдап, тыңдармандардың шабытына шабыт
қосуы, рухани азық алуымыз болашақ үшін, жастар үшін, біздер үшін зор мәртебе.
Ол кісінің кәсіптік шеберлігі, білімділігі, парасаттылығы, зиялылығы – тынымсыз ізденіс пен үздіксіз
еңбегінің нәтижесі екені даусыз. Қазақстандағы орта, жоғары білім беруге негізделген мектеп
оқушыларын, жоғары білім ордасында маман даярлау жүйесін көздейтін мақсатына сай, білікті де ізгілікті
болашақ маман даярлау жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан білім ордасында шәкірттерін білім
нәрімен сусындатып, үлкен қажырлы еңбек сіңірген ұлағатты ұстаз Фаузия апайды мақтанышпен атап
өткім келеді.
173
«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дегендей, өз ісіне өте жоғары жауапкершілікпен қарайтын,
білімді, өзіне де өзгеге де талап қоя білетін, еңбекқор, келешегінен мол үміт күттіретін шәкірттер
тәрбилей алуымен дара бойы озық тұрған ұлағатты ұстазды неге мақтанышпен айтпасқа!
Қымбатты да ардақты, тума педагог, ұлағатты ұстаз – Фаузия апай, мерейтойыңыз құтты болсын!
Бала-шағаңыздың рақатын көріп, өмір-жасыңыз ұзақ болғай! Отбасыңызға амандық, кетпес дәулет, мол
ырыс-несібе, асақақ абырой тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: |