ҚАТЫСЫМ ӘДІСІНІҢ ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ТИІМДІЛІГІ Ермағамбетова Л.Н. п.ғ.к. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университеті
Lyazzat.ermaganbetova@mail.ru
Түйіндеме: Мақалада қазақ тілін оқыту белгілі бір әдіске сүйеніп, оны студенттердің білім алу
көздеріне негіздей отырып, жіктелетіні айтылады. Әдістің түрлеріне тоқтала отырып, ғалымдардың оны
оқытудың мазмұнына, студенттердің танымдық әрекетінің сипатына қарай бөлетіні қарастырылады.
Студенттер мен оқытушының біріккен, тікелей іс-әрекеті арқылы тілдік қатынаста сөйлесім үлгілері
бойынша әр түрлі жай сөйлемге байланысты ұйымдастырылған жаттығулар мен тапсырмалары
қолданылады. Және де жай сөйлем және оның түрлерін меңгертудің тиімділігі мұғалімнің белгілі
дәрежеде оқыту әдістерін жетік сұрыптап, қолдануына да тікелей байланысты.