9
терезесі тең ғылыми-теориялық жұмыстар ретінде ұсынуды жөн көреді. Соңғы 8 сериясы жарық көрмей жоғалып
кеткен, ал олардың соншалықты қызық та қажет (бүкіл түркологияда) тақырыптардағы зерттеулер болғандығы
аттарынан көрініп тұр, – дейді академик Рәбиға Сыздық [2, 4-б.].
Енді Рәбиға Сыздықтың жұбановтануға қатысты зерттеулерін әрі қарай жалғастырушы педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі
кафедрасының меңгерушісі Фаузия Оразбаеваның «Қ.Жұбановтың педагогикалық мұрасы:
лингводидактика және әдістеме» атты мақаласына қысқаша тоқталайық [3, 101-104 бб.].
Фаузия Оразбаева аталған мақаласында оқырмандарға мынадай сұрақ қояды: «XX ғасырдың басы
қазақ топырағында ұлтты тану мен ұлтты танытудың үлгісін жасаған, оны әлемдік деңгейге көтерген,
ғасыр жүгін арқалаған тұлғаларды өмірге әкелді. Солардың бірі – тіл тануды ұлт танумен ұштастыра
білген Құдайберген Жұбанов есімі алаш арыстары мен алыптары арасында айырықша орын алады.
Отыздан асар-аспас жасында ғажайып білімдарлығымен, таным тереңдігімен қазақ тіл ғылымының
мақтанышына айналған Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еңбектерінің әлі күнге өзінің өзектілігін
жоймауының сыры неде?» – дейді.
Әрі қарай да Фаузия Оразбаеваның пікірін жалғастыратын болсақ, ол былай тарқатады: «Бар болғаны 38 жас қана
өмір сүрген Қ.Жұбановтың артта қалған мұрасына жалпы шолу жасасақ, ғалымның еңбектері ұлт тілі, сауаттылық,
қазақ өнері, әдебиет, музыка» мәдениет, әлеуметтік мәселелер т.б. көптеген салаларды қамтиды. Осы салалардың
әрқайсысы ұлт үшін айрықша маңызды екенін айтпаса да түсінікті. Ғалым бұл мәселелерді сөз ету барысында
аталмыш проблемаларға қатысты кемелді ой айтумен қатар, жаңа ғылыми бағыттардың негізін қалады. Сондықтан
жыл өткен сайын ғалым мұрасының жаңа қырлары ашылып, тың зерттеулерге жол салып келеді.
Тілшінің лингвистикалық мұрасы тіл білімінің фонетика, лексикология, грамматика, морфология, әліпби, емле,
терминология, синтаксис, әдеби тіл мәселелеріне арналып, іргелі проблемаларды сөз етеді.
Педагогика саласының ірі маманы Фаузия Оразбаева Қ.Жұбановтың ғылыми көзқарастары мен ой-пікірлері,
түйінді ғылыми тұжырымдары қазіргі тіл білімінде арнайы зерттеу нысанына айналып, жан-жақты қарастырыла
бастағаны жайлы өз ойын аса білгірлікпен баяндайды.
Фаузия Оразбаева аса дарындылықпен Қ.Жұбанов еңбектеріндегі тұжырымдарға айырықша зер сала келе, ғалым
ұсынған тиімді әдістердің: түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек
процесімен байланыс, жүйелі ойға төселдіру, оқушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған
екінші пәнді кұрал ету т.б. – бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып қана қоймай, қазіргі кездегі оқытудың ең
ұтымды жолы жаңа технологияның негізін салған ой-пікірлер екенін аңғарудың қажет екендігіне баса мән беруді
ұсынады. Осы айтылғандарға дәлел болатын мына жайттарды сөз етеді: қазіргі
Достарыңызбен бөлісу: