83
Өзіміз деп жүрекке жақын тарта айтатын әріптестеріміздің бәрінен де, бәрімізден де жоғары, ілгері
тұратын Фаузия апайымыздың ғалымдық, ұстаздық, кісілік тұлғасының ерекше екенін кей сәттерде
айтқым келіп тұратын. Өз басым, басқаларды төмендеткенім емес, мен білетін ортада Фаузия
Шәмсиқызының орны да, тұлғасы да ерекше деп ойлаймын. Олай дейтінім жиырма жылдай ұстаздық
ұжымда бірге болғандықтан, кафедрада бірге жүріп тағлым алғандықтан, үйреніп үлгі тұтқандықтан
солай деуге қақым да, құқым да бар. Фаузия апай басқарған кафедрада көптен бері келе жатқан
оқытушымын. Кафедраға, әсіресе соңғы жылдары, біреу келіп, біреу кетіп жатты, кетіп барып қайта келіп
жатқандар да бар. Кафедрамыздың түпқазығы да, ұжымның ұйытқысы да – Фаузия апайымыз. Бір
ұжымда жүріп, үнемі бедел тұтқанымды да ашық айтамын.
Әуелде Фаузия апайды бетпе-бет білмей тұрып, көзбе-көз көрмей жатып, ғылыми зерттеулерімен
таныстым. Ол кезде мен Қазақстаннан тысқары аймақта Қарақалпақ елінде едім. Ғылым-білімнің есігін
ашып көрсем деген ниетпен Алматыға келген кезде мен ең алдымен, кандидаттық зерттеулерді қарап,
үйренбек болдым. Өзім қарайлас басқа талаптанушылар кітапханада тіл білімі алыптарының том-
томдарын ақтарып-төңкеріп жататын. Бірақ мен үйреніп, үлгі алуды алда жүрген өз замандастарымыздың
жазған-сызған кандидаттық диссертацияларын оқып көруден бастадым. Фаузия апайды көрмесем де,
сырттай білуім, құрмет тұтуым бәлкім сол бір кездерден басталған шығар деп те ойлаймын. Фаузия
Шамсиқызының «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты кандидаттық диссертациясын қызыға
оқып шықтым. Сол кездегі шама-шарқымызға қарай білсем, үйренсем, түсінсем деп оқыдым. Синонимдік
қатынастың ерекше мәні, сөздің жеке өзі синоним болмайтыны, басқа мәндес сөздермен мағыналық
қарым-қатынас барысында синоним болатыны ерекше қызықты көрінді. Синонимдердің мағыналық –
құрылымдық түрі саналатын сондай мағынадағы лексикалық бірліктердің өзіндік ерекшеліктерін
айқындауы Ф.Шәмсиқызының лексиколог ғалым ретінде қалыптасуының, лексикология саласындағы
іргелі еңбектерінің ең алғашқы бір бастамасы, алыс жолдың алғашқы қадамы болды.
Ғалымның жуырда ғана жарық көрген бес томдық ғылыми еңбектерінің бір томы қазақ
лексикологиясына, оны оқытудың әдіснамасына арналған.
Аталмыш ғылыми еңбектің құрылымы да, мазмұны да тілдік материалдарды сөйлете білуі де маған
айтарлықтай жаңалық болып көрінді. Атап айтқанда, зерттеудің құрылымдық жүйесі, тақырыптары,
теориялық пайымдаулары жинақы, ықшам. Теориялық мәселелерді ұзын-сонар егжей-тегжейлі баяндауға
салмай, сілтемелермен, цитаталармен сықитпай, ғалымның қысқа қайырып, мәнін ашып, «дәнін» тауып
айтуы қай-қайсымызға болсын үлгі іспетті көрінді. Өйткені аз сөзге көп мағына сыйғызу қазіргі заманның
мобильді сипаты, ұстанымы солай. Автордың да ұстанымы «аз сөз-көп мағына» дегенге саяды.
Ғалымның біз сөз етіп отырған лексикология саласындағы ғылыми зерттеуі дәріс форматында
берілген. Теориялық пайымдаулар нақты әрі қысқа, бірақ мазмұны толымды. Алдымен дәріскер ғалым
негізгі терминологиялық ұғымдардың мазмұнын ашады. Негізгі терминдік ұғымдарды ұғынықты ашу –
шәкірттерге білім берудің ең төте жолы. Шәкірт санасында орныққан білімді одан әрі жетілдірудің негізін
ғылыми ұғымдар арқылы жасап беру ұстаз ғалымның ерекше ұстанымы. Келесі кезекте терминдік
ұғымдармен сабақтастыра лексика, лексикология, лексикалық бірліктердің түрлері мен қызметі, әдеби
тілдегі, ұлттық тілдегі олардың алатын орны әрі нақты, әрі жинақы түрде сипатталады. Тиісті тұстарда
зерттеуші тарапынан ғалымдардың ең негізгі-негізгі деген еңбектеріне сілтеме жасалады. Тақырыпты әрі
қарай игеру үшін аса қажетті әдебиет тізімі берілген.
Жаттықтырғыш (тренажер) атты бөлімнің құрылымы да ерекше екені байқалады. «Тілөрім» деген
атпен текст берілген. Студенттің өз бетінше жұмыс істеу, лекциядан алған ақпараттарын кеңейту;
сұраулар түрінде берілген «Ойбөліс» студенттің дәрістен алған білімі мен ақпараттарының қандай
деңгейде екенін байқатады.
Сонымен лексиколог ғалым қазақ тілі лексикология пәнінің теориялық курсын он алты дәріске бөліп,
саралап берген. Сонымен қатар оқыту әдістемесін жаңаша деңгейде модель, схемаларды пайдалана
отырып алты модульге салып жазып беруі нәтижелі еңбектің бірден-бір көрінісі деуімізге болады [1,298-
358].
Фаузия Оразбаева гуманитария саласындағы ғылыми жұртшылыққа алдымен лингвист ғалым ретінде
танылды. Әсіресе, зерттеушінің «Қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» деген ізденіс зерттеуі сын есімдік
синонимдерді
құрылымдық (структуралық) тұрғыда талдай отырып,
мағыналық (лексика-семантикалық),
Достарыңызбен бөлісу: