Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


)  философиялық-әдіснамалық (методологиялық) бағыт



Pdf көрінісі
бет94/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   277
Байланысты:
1 2019

1) 
философиялық-әдіснамалық (методологиялық) бағыт; 
2) 
тілдік-танымдық бағыт; 
3) 
психолингвистикалық бағыт
 
Ғалым  аталған  үш  бағыттың  қарастыратын  мәселелерін  де  айқындап  береді.  Егер  елімізде  ғалым 
ұсынған үш бағытты негізге алып, «ұлтымыздың ұлы перзенттері ұсынған өміртану, қоғамтану, адамтану, 
ұлттану, жаратылыстану, ғаламтану хақындағы ой-толғаулары мен пікір-қөзқарастарын, концептуальды 
тұжырымдары  мен  күрделі  философиялық  толғаныстарын»  білім  беру  жүйесінде  қолданатын  болсақ, 
білім сапасын арттырып, саналы да білімді ұрпақ тәрбиелейтін едік. Өкінішке орай, білім беруде өзімізде 
барды бағаламай, «...екшеу ‒ танымды, таным ‒ тағылымды, тағылым ‒ ұлтты» тәрбиелейтінін ескермей, 
өзгенің ұтымсыз идеясын қолданудан аса алмай келеміз.  
 
Фаузия  Шәмсиқызы  ұлт  ұстазы  Ахмет  Байтұрсынұлын  «ұлт  тілін  оқыту  әдістемесінің  іргетасын 
қалаушы,  негізін  салушы»  ретінде  танытып,  ғалымның  тіл,  сөйлеу,  жазу,  сауаттылық,  оқыту  және  т.б. 
тұжырымдарын тұғыр ретінде алып, қазақ тілін тек оқыту тұрғысынан ғана емес, терминдік тұрғыдан да 
дамытты.  Ғылыми  айналымға  тілдік  қатынас,  сөйлесім,  баяншы,  қабылдаушы,  тыңдалым,  оқылым, 
айтылым, жазылым, тілдесім терминдерін енгізді.  
 
«Жырдың  алтын  тамыры»  атты  мақалада  ғалым  Жамбыл  Жабаевтың  өлеңдеріне  талдау  жасап, 
«бүгінгі  жас  ұрпақ  Жамбыл  бабамыздың  өсиеттері  мен  нақыл  сөздерін  оқып-біліп,  зерделеу  арқылы 
еліміздің  рухани  мәдениетін,  қоғамның  саяси-әлеуметтік  ерекшелігін  танып»  білетінін,  «сөз  өнері  қай 
кезде де ұлт ойы мен парасатынан хабар берер басты өлшем болып» табылатынын, ақынның «сөз саптау 
табиғатын жан-жақты зерттеу, жыраудың тіл  өрнегін жас ұрпаққа түсіндіру ұлттық құндылықтарымыз 


92 
бен  ізгі  дәстүрлерімізді  сақтауға,  тануға,  талдауға»  көмектесетінін,  «ұлттық  білімнің  негіздері  оның 
мазмұнындағы  елдік  рухпен,  ұлттық  ділмен  сабақтасып  жатса  ғана  тың  сипатқа  ие  болып,  шын 
мағынасында тәуелсіздіктің символына» айналатынын айтады.  
 
Ал қазіргі қолданыстағы «Негізгі білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» 
пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында» 7-сыныпта «Толғауы тоқсан қызыл тіл» 
лексикалық  тақырыбында  Жамбыл  Жабаевтың  «Зілді  бұйрық»  өлеңі  ғана  берілген.  Оның  өзінде 
Ш.Қанайұлының «Зар заман», С.Аронұлының «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы» бір тақырып аясында 
ұсынылған.  Бұл  жалпы  білім  беретін  мектептерге  арналған  оқу  бағдарламасын  ұлттық  құндылықтар 
тұрғысынан қайта қараудың қажеттігін көрсетеді.  
 
«Тіл  тануды  ұлт  танумен»  ұштастыра  білген  Құдайберген  Жұбанов  туралы  ғалымның  тұжырымды 
ойларын  «Ұлт  биігіне  көтерілген  тұлға»  мақаласынан  табамыз.  Әдіскер  профессор  Қ.Жұбановтың  өз 
еңбектерінде  түйінді  мәселеге  көңіл  аудару,  сөзбен  суреттеу,  көрнекілік,  өмірге  үңілдіру,  еңбек 
процесімен байланыс, жүйелі ойға төселдіру, оқушының алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту 
үшін  оған  екінші  пәнді  құрал  ету  әдістерін  қолданғанын  фактілер  арқылы  дәйектеп,  ғалымның  оқыту 
үдерісінің сапасын арттыруда  оқулықтың рөлін айрықша бағалағанын айтады. Фаузия Шәмсиқызының 
ғалымның оқулық дайындауға қойылатын талаптарын жалпы білім  беретін мектептер мен жоғары  оқу 
орындарына арнап жазылған оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуде іске асырғаны мәлім.  
 
Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның қазақ тілінің теориясы мен әдістемесін дамытуға үлес қосқан тұлғалар 
Шамғали Сарыбаев, Сәрсен Аманжолов, Мәулен Балақаев, Нығмет Сауранбаев, Ахмеди Ысқақов, Рабиға 
Сыздықова, Әбдуәли Қайдар, Кәкен Аханов, Сейілбек Исаев, Алтай Аманжолов, Қанипа Бітібаева, Асқар 
Жұбанов,  Мүслима  Жұбанова,  Төкен  Жұмажанова,  Жамал  Манкеева,  Зейнеп  Базарбаева,  Бердібай 
Шалабай  және  т.б.  туралы  мақалалары  салмақты  талдау,  салиқалы,  тұжырымды  ойларымен  құнды. 
Аталған  мақалалар  ғалымның  алдыңғы  буын  өкілдері  мен  үзеңгілес  қатарластарының  еңбектерін  жіті 
зерттеп, бағалай алуының көрсеткіші, «өзіңді өле сүйіп» ұстанымының нәтижесі дер едік.  
 
Ғалымның «өзіңді терең танып» ұстанымы сонау студенттік шақтан, 1971 жылдан, басталғаны таң 
қалдырады.  С.М.Киров  атындағы  Қазақтың  Мемлекеттік  университетінің  бесінші  курс  студентті  кез 
келген адамның қолынан келе бермейтін қиын тақырыпты, «Оғыз-нама» дастанын, зерттеу нысаны етіп 
алған.  «Аңыз...Дәуір...Ақиқат»;  ««Оғыз-нама»  текстінің  транскрипциясы  мен  аудармасы»;  «Шерулі 
ғасырлар  шежіресі»;  «Жырдағы  көркемдік  айшық.  Сөз  өрнегі»  деп  аталатын  төрт  бөлімнен  тұратын 
зерттеу  жұмысы  ‒  жас  зерттеушілерге  үлгі  боларлық  еңбек.  Фаузия  Шәмсиқызының  дипломдық 
жұмысын ғылыми жетекшісі Мырзатай Жолдасбеков жоғары бағалап, «Фаузия Оразбаева тақырыпты өз 
деңгейінде  игеру  үшін  көп  оқып,  көп  ізденген.  «Оғыз-нама»  жырының  тарихын  түркі  жұртының  ұлы 
тарихымен сәтті, сауатты, сабақтастыра отырып қарастырған....Түркологияда әлі күнге зерттеушілерді бір 
тоқтамға жүгіндірмей, әр алуан пікір сайыстарына арқау болып келе жатқан Оғыз ханның кім екендігі, 
қандай  дәуірде  өмір  сүргендігі  туралы  даулы  мәселелер  жөнінде  де  шәкіртіміз  ғылыми  додаларға 
жасқанбай  араласып,  өз  көзқарасын  ашық  айтады.  Әрі  осындай  тұстарда  өз  ойы  мен  пікірін  дәлелдей 
отырып,  «атағынан  ат  үркетін»  көрнекті  ғалымдарымызбен  де  орынды  полемикаға  барады...»  дейді. 
Ғылыми баяндамалары мен үлкен мінбелерден тілдің, ұлттың болашағы, оның қоғамдық-әлеуметтік мәні 
туралы  батыл да өткір пікір айтып жүрген ұстазымыздың сонау студенттік шақтағы болмысының  осы 
уақытқа дейін өзгермей келе жатқаны бәрімізді тәнті етеді. «Конституциялық норма ретінде бекітіліп 
кеткен  орыс  тілінің  «ресми»  деген  «лауазымы»  ...мемлекеттік  тілді  үйренуге  жалпыхалықтық 
құлшыныстың бәсеңдеуін қалыптастырды»; «өз ана тілін шала білетін қандастарымыз мемлекеттік 
тілге әлі де толық бет бұра алмай отыр...»; «мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі әлі күнге дейін 
толық  жүзеге  аспауы  салдарынан  қазақ  тілі  мемлекеттік  тілден  гөрі  тәржіма  тіліне  көбірек  ұқсап 
бара  ма  деген  ой  келеді»;  «мемлекеттік  тілдің  бірден-бір  насихатшысы  саналатын  кейбір  ақпарат 
құралдарындағы  ана  тіліне  деген  жауапсыздық  пен  салғырттық  етек  алуда»;  ««сүю»,  «қастерлеу», 
«құрметтеу»  сезімінің  табанға  түсіп  тапталуы  бізді  алаңдатады»;  «ұлы  құндылықтарды  сақтау 
ауадай қажет екенін ұрпақ санасына құюымыз керек»; ««Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерінің 
білім  мазмұнының  әлсірей  бастағаны  шындық.  Бұл,  ең  әуелі,  осы  пәндерге  қатысты  берілетін  білім, 
білік,  дағдылардың  байланысын  қамтамасыз  ететін  білім  мазмұнының  деңгейінен,  ұсынылатын 
материалдардың  пән  мақсатымен  үйлеспеуінен,  оқыту  барысындағы  ортақ  ұстанымның  жүзеге 
аспауынан,  білім  мазмұнының  жүйесіздігінен  көрінеді»  (курсив  −  Р.Р.)  деген  батыл  да  өткір  пікірлері 
бәрімізді де ойландырады.  
 
Ғалым-әдіскердің «өзіңді терең танып» ұстанымы «Тілдік қатынас» еңбегінде толық көрініс тапқан. 
Тілдің табиғатын терең зерделеп, оның қатысымдық қызметін жан-жақты дәйектеген бұл еңбек қазақ тілі 
теориясы мен әдістемесіне тың өзгерістер енгізді. Сөз, сөйлем, мәтінді қатысымдық бірлік ретінде тануға, 


93 
танытуға  және  оны  қатысымдық  әдіс  арқылы  оқытуға  арналған  көптеген  ғылыми-әдістемелік 
зерттеулерге  негіз  болды.  Ғалым  «тілдік  бірлік  пен  қатысымдық  бірліктің  ең  басты  айырмашылығы 
олардың атқаратын қызметі мен қолдану өрісіне байланысты» екенін дәлелдеді. Олардың ара жігін ашып 
көрсетіп қана қоймай, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. 
 
Тілдік қатынас пен елтанымның сабақтастығын «елтанымның этномәдени сипаты диалогтік қарым-
қатынаста кеңінен орын алған. Коммуникативтік актке құрылған диалогтық қатынас сәлемдесу/амандасу 
(
Сәлем  ‒  сөздің  анасы)»,  тілдесім  (Адам  тілдескенше,  жылқы  кісінескенше),  сөйлесім  (Сөйлей-сөйлей 
шешен боласың), сұрастыру (Сұрай-сұрай Меккеге барасың), хабарлама (алысқа ат шаптырып,  сауын 
айту),  қошемет  ету  (үлкенге  ‒  ізет,  кішіге  ‒  құрмет),  пікірталас  (сөзсайысы,  ойжарысы),  қайшылық 
(
қырық  кісі  бір  жақ,  қыңыр  кісі  бір  жақ)  секілді  сөйленіс  түрлерінен  тұрады»  деп  тілдік  фактілер 
негізінде дәйектейді. Тілдік қатынас пен өлкетанымның сабақтастығын зерделеп, «туған өлкеге қатысты 
аңыз-ертегілер,  ондағы  кейіпкерлер,  жер-су  атаулары  жас  ұрпақтың  туған  жерге  деген  ішкі  сезім 
иірімдерін  оятуда  оқиға  желісін  жеткізіп  қана  қоймай,  сөздердің  мағынасын  түсініп,  тіл  нәрін  игеруге 
себеп» болатынын айтады.  
 
Фаузия  Шәмсиқызы  тілді  оқытудың  сапасын  арттыруды  әр  уақытта  назарда  ұстап,  соған  барлық 
ғұмырын арнап келеді. Әлемдік әдістемеде өзінің тиімділігін дәлелдеген мәселелерді қазақ тілін оқытуға 
бейімдеп, оны ары қарай дамытып, жетілдіріп келе жатқан білікті әдіскер-ғалым.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет