Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет130/277
Дата07.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#20557
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   277
Байланысты:
1 2019

ерекше болады» [1; 303] десек, оқылым – тілдік дағдыларды қалыптастырудың, қарым-қатынасқа керек 
тілдік құралдарды жинақтаудың өзгеше мүмкіндігі, себебі, тілші-әдіскер Ф. Оразбаева тұжырымдағандай, 
оқылымға  төрт  түрлі  компонент  «үздіксіз»  қатысады:  адамның  көру  мүшелері,  ойлау  мүшелері,  тілдік 
бірліктердің таңбалық тізбегі, қатысымдық бірліктердің мағыналық тізбегі [1; 304]. Адамға тән барша 
физиологиялық  ерекшеліктерді  байланыстыра  отырып,  универсалды,  әмбебап  қызмет  атқаратын 
әрекеттің бұл түрі ұтымды қолданыстың нәтижесінде білім беру жүйесінің сапасын арттыруға да, бүгінгі 


116 
оқытушының  жеке  дайындық  деңгейін  тереңдетуге  де,  танымын  кеңейтуге  де,  сол  арқылы  маманның 
білімі мен біліктілік дағдыларын жан-жақты дамытуға да көмектеседі.  
Симон  Боргтің  айтуына  қарағанда,  соңғы  уақытта  қызығушылық  тудырып  жүрген  проблемалардың 
қатарында  «language  teacher  cognition»,  яғни  тіл  мұғалімдерінің  танымын  зерттеу,  олардың  білім  беру 
жүйесіне ықпалын зерделеу маңызды болып отыр. Ғалым қабылдауында «тілді оқытатын мамандардың 
ойлау кеңістігі, білімі мен сенімі, оқыту тәжірибесі (what language teachers think, know and believe, and of 
its relationship to teacher’s classroom practicies
олардың аудиториядағы белсенді де шешуші қызметтерін 
негіздейтін»  ұғымдар  болып  табылады  [2;  1].  Аталған  пікірдің  жалғасы  ретінде  Марион  Уиллиямс 
бастаған  зерттеушілердің  тіл  үйретушілердің  психологиясын  талдаған  еңбегіне  назар  аударуға  болады. 
Үйрену/меңгеру мен білім берудің (learning & education) арасындағы айырмашылықты басшылыққа ала 
отырып,  ғалымдар  үйренуді  білім  берудің  маңызды  бөлігі  тұрғысынан  зерделеумен  қатар,  оны 
үйренушілер  өмірімен  тығыз  байланыс  құрайтын  құндылықтар  жүйесі,  үйретуге  негізделген  өнегелі 
дағдылар  тоғысы  деп  қарастырады.  Авторлар:  «кейбір  үйрету  әрекеттері,  шын  мәнінде,  өзінің  басты 
функциясын  атқармай  жатады,  яғни  үйренушілердің  өміріне  қажет  құнды  арнасын  жоғалтып  алып 
жатады (they lack a real value to life of the learner)» [3; 6],-деп тұжырымдайды. Мәселенің негізінде тиімді 
оқытудың  (effective  teaching)  1984  жылы  ұсынылған  9  түрлі  фактілері  мен  1992  жылы  дәйектелген  10 
түрлі  категориялары  салыстырыла  тілге  тиек  болған.  Алғашқы  мәселелердің  тізбегі:  ұсынылатын 
ақпараттың (презентацияның) анықтығы; оқытушының энтузиазмы; дәріс барысында қолданылатын әдіс-
тәсілдер  мен  әрекеттердің  алуандығы;  жетістікке  бағдарланған  (archievement-oriented)  дағдылар; 
негізделген  материалдарды  (criterion  materials)  үйрену  мүмкіндігі;  студент  идеяларына  қолдау  көрсету 
(acknowledgment & stimulation of student ideas); 
сынның болмауы (lack of criticism); дәрістің басында және 
өн  бойында  құрылымды  комментарийлерді  қолдану  және  студенттердің  жауаптарын  бағыттап  отыру 
(guiding  of  student  answers)  – 
сияқты  оқыту  әрекеттерін  топтаса,  араға  10  жылға  жуық  уақыт  сала 
категориялар  –  ұнайтын  атмосфера  (enjoyable  atmosphere),  қызығушылық  пен  уәжделген  амалдардың 
қолданысы (an interesting and motivating way), студенттердің қиындықтарына көмектесу, өзіне деген сенім 
мен  үміттерін  күшейту  (to  raise  their  expectations  of  themselves),  білімдегі  жеке  дарындылығын  көрсету 
(demonstrating personal talents of knowledge) – 
секілді ұғымдармен толықтырылды.  
Талдауға  арқау  болар  бұл  тізбек,  біріншіден,  білім  беру  жүйесіндегі  әр  кезеңнің  өз  ерекшелігін 
сипаттауға  себепкер  болса;  екіншіден,  кіріккен  жаңа  ұғымдардың  көмегімен  маңызды  жаңа 
ұстанымдардың күн тәртібіне қойылғанын дәлелдеуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай, өткен ғасыр 
еншісіндегі  А.Байтұрсынұлы  ойларының  өміршеңдігіне  таңғалмау  мүмкін  емес.  Ғұлама  тілші:  «Үйрену 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет